13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістандық ұстаз авторлық бағдарлама жасады

15 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Түркістандық ұстаз авторлық бағдарлама жасады
Share on FacebookShare on Twitter

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, шәкірт тәрбиелеуге ондаған жылдарын, тіпті ширек ғасырын арнаған ұстаздар жеткілікті. Солардың бірі Түлкібас ауданы, Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, Зеркүл Қалыбекова 15 жыл тарих пәні мұғалімі қызметін жемісті атқарып келеді. Білікті педагогтың жетістіктері де аз емес. Мәселен ол 2021-2022 оқу жылында «Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық сайысына қатысып, «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығының І дәрежелі дипломымен марапатталып, мақаласы жинақ баспасына жарияланып таратылған.

Ал оның тәрбиелегн шәкірттері биіктерден көрініп жүр. Айталық 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәнінен үздік білімімен танылған 11- сынып оқушысы Закария Құралбек және құқық негіздері пәнінен 11- сынып оқушысы Жақсыбай Балнұр атты оқушылары жүлделі І орынды иеленіп, Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алып, Қазақстан тарихы пәнінен 11-сынып оқушысы Закарияев Құралбек облыстан жүлделі ІІ орынды иеленіп, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ-нің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталған. 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәнінен үздік білімімен танылған 10-сынып оқушысы Жақсыбай Айнұр және құқық пәні бойынша 10-сынып оқушысы Сұраншы Жания Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жүлделі ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталған.

Зеркүл Жақсылыққызының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының авторы болып табылады озат тәжірибесі аудан, облыс көлемінде таратылған. Мектепте бірлестік жетекші және тәлімгерлік жұмысын қоса алып жүретін білімді де, білікті маман.

Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы атқарып отырған толымды еңбектеріңізге толассыз табыс тілейміз.

Previous Post

ӘЛЕМ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕГЕН ҚАЗАҚ ЕРТЕГІСІ

Next Post

Балалар компастың көмегімен төңіректі бағдарлады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі