Түркістан облысында 908 мемлекеттік мектептер былтырғы жылы 650 кең жолақты интернетпен қамтылған болатын. Интернет жылдамдығы 20 мбит/с-тен жоғары, оның ішінде 216 мектепте интернет жылдамдығы медь және радио байланысы желісімен жұмыс жасайтын интернет жылдамдығы 20 мбит/с қа дейінгілер. Ал 0ал5ан 42 мектепте операторлардың техникалық мүмкіншілігі болмау себебінен осы уақытқа дейін мәселе туындап келген. Алайда биылғы жылдың басынан операторлардан техникалық мүмкіншіліктер сұралып, 15 наурызына дейін радиобайланыс желісімен шешілетін болды. Жоспар бойынша 2023 жылы 84 мектеп, 2024 жылы 87 мектеп, ал 2025 жылы 87 мектепке оптикалық байланыс жүйелерін кіргізу бойынша нақты жоспар жолға қойылды. Аталмыш жоспар операторлармен пысықталып «СНП 2» бағдарламасына енгізілді. Дегенмен интернеті жоқ ауылдардың цифлы Қазақстанға қашан өтетіні белгісіз және мүны мойындау керек.
Былтыр Түркістан облысының Төлеби, Қазығұрт және Келес аудандарының тұрғындары Интернет желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болған еді. Жоба ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен байланыс операторлары арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Түркістан облысындағы мектептердің қауіпсіздігін арттыру бойынша жасалып жатқан істерге келетін болсақ, 908 мектептің 650-ң бейнебақылау камералары Түркістан облыстық Полиция департментінің жедел басқару (ЦОУ) орталығына бақылауға шығарылған. Жалпы 908 мектепте 9980 камера орналастырылған және оның жобамен 3328 данасының тозығы жеткен, жұмыс жасау қабілеті нашар. Осыған қоса, 1800-2000 жуық камера қосымша қажеттілігі бар. Жалпы саны 350 мектепте сақтау регистрі істен шыққан. 450 мектептің ғимараттарының ішінде кабельдік құрылым стандартқа сай емес және кейбіреулерінде жоқ. Бұл, кабельдік құрылымның болмауы не тозуы интернет арнасының ғимарат ішінде толық тарауына, бейнебақылау камералардың шығарылымына жол бермейді. Сонымен қатар, бұл ақпараттық қауіпсіздікке де алып келеді. Қалған, 258 мектептің байланыс арнасы төмен жылдамдықта болғандықтан және камералар мен регистрлердің тозуы және істен шығу себебінен қосылмай тұр. Қалған 235 мектепте 334 дабыл батырмалары орнатылған, бірақ оның 270 (80%) астамы жұмысқа қосылмай тұр. Себебі, сүйемелдеу немесе қарап күтуге қаржы қаралмаған. Түркістан облысы бойынша бар болғаны үш мектепте ғана турникет бар екен. Айта кетсек, Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес облыста мектептер 3 санатқа бөлінеді;
1 — санаттағы 363 мектепте бейнебақылау және сирена дабыл жүйесі болуы шарт (оқушы саны 300 дейін).
2 — санаттағы 328 мектепте дабыл түймесі мен бейнебақылау жүйесі болуы шарт (оқушы саны 300 ден 700 – ге дейін).
3 — санаттағы 217 мектепте турникеттер мен бейнебақылау жүйесі болуы шарт (оқушы саны 700 ден жоғары).
Сонымен қатар білім ошақтарында бірқатар қажеттіліктер туындап отыр. Мәселен:
— 3328 камераны жөндеу немесе ауыстыруға шамамен 166 млн.тг.;
— 1800 – 2000 камера сатып алып, орнатуға шамамен 90 – 100 млн.тг.;
— 350 дана тіркеу және сақтау регистрлерін алуға шамамен 80 млн.тг.;
— 450 мектептегі кабельдік құрылым жүйесін жасап шығуға орта есеппен 210 млн.тг.;
— 235 мектептегі 334 дабыл батырмаларын сүйемелдеу үшін 1 жылға орта есеппен 75 млн.тг.;
— Қосымша қажеттіліктегі 93 мектепке дабыл батырмаларына шамамен 15 млн.тг.;
— Қосымша 214 мектепке 4 дана турникеттен болғанда 856 турникет шамамен 380 млн.тг. қажет етеді (ескеру 1 турникет орнату орта есеппен 360 мың тг.)
Жалпы осы аталған критерийлер мен талаптарды толық орындауға жинақ қаржы 1 млрд 26 млн.тг. шамасында болады. Негізінде аппараттық-бағдарламалық кешендер өзін-өзі ақтайтын жобалар болып есептеледі. Мысалы ГЧП «Сергек» жобасының жалпы құны – 5 жылға 5,9 млрд.тг. Жобаның құрамы 109 АПК, 200 ОВН. Ал экономикалық пайдасы ай сайынғы салынатын айыппұл — 177 млн.тг, жоба бойынша ай сайынғы шығын – 76 млн.тг, ай сайынғы таза пайда – 101 млн.тг. Бүгінгі таңда, осы ГЧП «Сергек» жобасы аясында 2,769 млн.тг айыппұл салынды, бұл – жобаның 45% құрайды.
Осы биылғы жылға жоспарланып отырған 1700 ОВН, 117 АПК-ның жалпы құны 2,591 млн.тг құрайды. Оның ішінде 54 АПК биылғы жоспарланып 405 млн.тг қаржысы қаралды. Ендігі кезекте 63 АПК және 1700 ОВН-ге 2,186 млн.тг қажет. Жобаның экономикалық пайдасы (АПК есебінен): орта есеппен ай сайынғы салынатын айыппұл — 187 млн.тг, құрайды, сонда жоба орта есеппен өзін-өзі 15 айда ақтайды. Түркістан облысы басқармамен облыстағы бейнебақылау камералардың жағдайы бойынша талдау жүргізілген болатын. Бүгінгі таңда, облыста қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша 1067 жалпы бейнебақылау камералары болса (Түркістан қаласында — 456), оның 641-і жұмыс жасап тұр (Түркістан қаласында — 254). Осы 641 камераның 475-і (Түркістан қаласында — 254) облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығарылған. Бұдан бөлек, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 109 нүктеде 632 дана (Түркістан қаласында – 69 кешенде 472 камера) «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендері іске қосылған.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыста жол көлік оқиғалары 4,6% төмендеген (Түркістан қаласында – 25,7% төмендеген), қаза болғандар саны 7,2% азайған болса (Түркістан қаласында – 55,6% артқан), жарақат алғандар саны 0,5% ға өскен (Түркістан қаласында – 38,8% азайған).
Жалпы осы бейнебақылау камераларының облыс бойынша қажеттілікті қамту үлесі небәрі 2% ғана құрайды (Түркістан қаласында – 20%). Бұл жағдай өз кезегінде облыстағы криминогендік ахуалдың алдын алуға септігі төмен екенін көрсетіп отыр. Соңғы 5 жылда облыста қылмыстық құқық бұзушылықтар жыл сайын орташа есеппен 16%-ға төмендеп отырса, 2022 жылы керісінше 1,4%-ға артқан. Ең көп тараған қылмыс түрі – ұрлық. Жыл сайын 1400-ге жуық ұрлық тіркеледі. Оның ішінде ең көбі Түркістан қаласында – 256, Сарыағаш ауданында – 142, Сайрам ауданында — 125 жағдай тіркелген. Аталған қылмыс түрі бейнебақылау камералары жоқ жерде қайталанып отырады. Осы жағдайларды ескере отырып биылғы жылға облыс бойынша қосымша 1700 жалпы бейне бақылау камераларымен және 117 (468 дана камера) аппараттық- бағдарламалық кешенмен қамтамасыз етуді ұсынамыз. Сонда, облыс бойынша қажеттілік үлесін 7,8% жеткіземіз.
Түркістан облысында ақылды және қауіпсіз мектеп жобасы аясында барлық мектептердің асханалары ыстық тамақ қызметтерін ұсынады және басқа да азық-түлік өнімдерін сатады. Ал мектептердің жалпы саны 35 ке жетіп отыр. Қазіргі уақытта ыстық тамақты пайдалану туралы цифрланған есеп жоқ. Бұдан бөлек, баланың асханада қандай азық-түлік өнімін сатып алуы бойынша да ата-ана тарапынан бақылау жоқ. Осындай тәуекелдіктерді ескере отырып, инвестор есебінен «Е-Асхана» цифрландырылған жүйесін орнатуды ұсынамыз. Айта кетсек жобаның тиімділігіне тоқталсақ, берілетін ыстық тамаққа бақылаудың болуы; ата-ананың мобильді қосымша арқылы қадағалауы; автоматтандырылған есеп. Жоба енгізу барысында мемлекеттік бюджеттен қаржы талап етілмейді. Бұдан бөлек, инвестор есебінен Түркістан қаласында пилот жоба ретінде, 1 мектепті толыққанды ақылды және қауіпсіз мектеп жобасын ендіру жоспарлануда.
Мектепке бейнебақылау камералар, кіріп шығуды бақылау жүйесін (СКУД), дабыл түймелерін орнату, мектепке кіру мақсатында жеке дара карталармен немесе алақан ізі арқылы кіру құрылғыларымен қамтамасыз ету, «Е-Асхана», «Е-Кітапхана» жүйелерін енгізу, қоғамдық көліктерге электрондық төлем жасау мақсатында «Е-Билеттеу» жүйесіне интеграция жұмыстары жүргізіледі. Модульдер арқылы ата-ана өз баласының қадағалауына және қауіпсіздігіне көз жеткізу мүмкіндіктеріне ие болады. Облыста IT және бағдарламау мектері де биылғы жылдың көрсеткіші бойынша қарқынды өсіп келеді. Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Цифрлық даму орталығы» КММ базасында инвестор есебінен IT мектепті ашып, оны толық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, оқыту материалдарын әзірлеу, онлайн платформа әзірлеу, 2023 жылға 20 000 жас мамандар цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарлануда.
Аталмыш жоба яғни ақылды мектеп жүйесі оқушылардың сабаққа қатыспау жағдайларын азайтып, уақтылы сабақта болуына едәуір көмектеседі. Сабақтан қашу процесін 60 пайызға азайтады.
Мектеп ғимаратына енетін есіктегі бақылау – өткізу құрылғылары ұстаздар мен оқушылардың білім беру орнына келу-кету уақыты туралы нақты мәліметтер беріледі. Бұл құрылғылардың аталған мәліметтерді тіркеу үрдісі 4 түрлі тәсіл арқылы жүзеге асады. Оның басты ерекшелігі құрылғыға биометриялық өлшемдерді тексеретін жүйені енгізілуінде болмақ. Бұл жүйе бойынша ғимаратқа кіруде құрылғыны пайдаланушының бет-бейнесі мен саусақ іздері тексеріледі. Бақылау-өткізу құрылғылары дәл осындай 10 000 адамның биологиялық мәліметтерін сақтай алады. Ал ата-аналар мектепке келген ұялы телефондарындағы «smart school» қосымшасын падаланады,–дейді «Novаcom tehnology» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігінің атқарушы директоры Индира Сатыбалдиева.
Ең маңыздысы мектеп ғимараттарына бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді. Сол секілді асхана қызмет үшін ақшаның онлайн төленуі де құптарлық қадам. Демек оқушыларға ендігі кезекте қалтасына қолма-қол ақша салып жүрудің қажеті шамалы. Сәйкесінше дәл осы факті оқушылар арасындағы тәртіпсіздіктің басты себебі саналатын ақша бопсалау әрекетінің жойылуына мүмкіндік береді,–дейді облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Салқанұлы. Осы уақыт аралығында «Novаcom tehnology» компаниясының бақылау-өткізу құрылғылары өңірдегі 5 колледжге орнатылған.