Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақстанда ең алғаш ашылған халықаралық жоғарғы оқу орны, сондай-ақ түркі тілдес мемлекеттер арасында халықаралық ие болған және түркі әлемі жастарының басын қосқан білім ордасы. Қазіргі таңда халықаралық деңгейде білім беріп жатқан оқу ордамызда бүгінде болашақ мамандардың білімін жан-жақты жетілдіру мақсатында жастардың барлық санатын қолдау, тәжірбие алмасу шаралары аясы мен кәсіптік ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде студент алмасу да жолға қойылған.
Университетіміздің оқу үдерісінде болашақ маман даярлауда мынадай басты міндеттерге негізделген: оқытудың жетік жолдарын меңгерген маман даярлау; кәсіби пәндерді игерумен қатар адамгершілік, рухани-мәдени құндылықтарды меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеу; болашақ мұғалімнің қоғамдағы әлеуметтік белсенділігін арттыру; жалпы педагогикалық, әдіскерлік іскерлігін арттыру; өз бетінше білім ала білу қабілеттерін қалыптастыру; педaгогикалық шеберлігін үздіксіз арттырып отыру дағдысын қалыстастыру болып табылады.
Болашақ маманның кәсіби-әдістемелік даярлығын қалыптастыру үшін өзі таңдаған мамандығына сәйкес арнайы ғылыми пәндерден терең, жан-жақты білімі болу қажет. Білім беру саласындағы негізгі құжаттарды, білім беру стандарты, оқу жоспары, бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибелерді меңгереді. Университетіміздің түскен білімгерлеріміздің оқуы барысында одан әрі табысты ықпалдасуы үшін қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде дәрістер жүргізіледі. Бұл білімгерлеріміздің тілдерді меңгеру арқылы халықаралық деңгейде ақпарат көздеріне де қол жеткізуіне мүмкіндік беру болып табылады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Физика кафедрасы төмендегідей білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:
6В01510 – «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша болашақ физика мұғалімдері «Физика мұғалімдерін даярлау» біліктілігін алады. Мақсаты: физика саласы бойынша теориялық және әдістемелік білімдерін меңгерген, оларды кәсіби қызметінде қолдана білетін, әлеуметтік-коммуникативтік дағдылары мен зерттеушілік қызметін табысты іске асыра алатын бәсекеге қабілетті білім бакалаврын даярлау.
6В05348-«Физика» білім беру бағдарламасының меңгеру барысында Физикалық және химиялық ғылымдары біліктілігін игереді. Қолдану салалары: ғылыми-зерттеу мекемелері, жобалау конструкторлық бюролары және басқа физика-техникалық кәсіпорындарындағы ғылыми-зерттеу, педогогикалық, басқарушылық іс-әрекеттерді және ғылыми-техникалық аудару салаларында қызмет атқара алады. Мақсаты: еңбек нарығында оның әлеуметтік мобильділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін әмбебап және пәндік құзыреттерге ие, инновациялық әдіс тәсілдерді меңгерген, эксперименттік, теориялық және қолданбалы физика біліміне ие, сондай-ақ сабақтас жаратылыстану және техникалық салаларда теориялық білім мен практикалық дағдылары қалыптасқан физика бакалаврларын даярлау .
Жаратылыстану факультетіне қарасты Физика кафедрасында жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігінде студенттер сапалы білім алумен қатар қазіргі заманғы физика саласының өзекті мәселелері бойынша қалыптасқан ғылыми тұжырымдамалар шеңберінде зерттеулерге белсенді түрде тартылады. Кафедрада жаңа инновациялық технологиялар мен интерактивті әдістерді қолданып, сабақ өткізу үшін заман талабына сай жабдықталған (STEM) кабинеттер мен оқу және ғылыми-зерттеу лабораториялары жұмыс істейді. Барлық оқу сатысындағы студенттер саны жыл сайын артып және ғылыми-техникалық жобалар саны да өсіп келеді. Студенттеріміз алғашқы курстардан бастап-ақ ғылыми жұмыспен айналысып, ғылыми конференцияларға, республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Физика мамандығы бойынша оқуын табысты аяқтаған түлектеріміз саланы белсенді меңгеріп, еліміздің еңбек нарығында өте жоғары бағаға ие болып келеді. Бұл біз үшін өте зор мақтаныш.