13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: ЖАС ШЕБЕРДІҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТУДА

15 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ОРДАБАСЫ: ЖАС ШЕБЕРДІҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданының білім бөліміне қарасты С.Нұрмағанбетов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Ибрагим Аяна Даниярқызы — өз өнері мен таланты арқылы шығармашылығын шыңдап жүрген жас талант. Аяна жеңіл мрамор материалдарынан қош иісті балауыздар, теңіз қабыршығы, алтын-күміс әшекей бұйымдарын салуға арналған қобдишалар және т.б. қолөнер бұйымдарын жасауды сүйікті ісіне айналдырған. Суреттен көріп тұрғандай, бұл заттарды күнделікті үй жабдықтарына қолдануға әбден болады.
Қазіргі таңда жас таланттың жасаған бұйымдарын тойбастар ретінде, жақын туыстарына бағалы сыйлық ретінде сыйлауға қызығушылық танытқандар саны артуда. Аяна — көркемөнер саласын дамытуға үлес қосып жүрген жас өрен.
Қазақтың қолөнері ұлттық мәдениетіміздің маңызды бөлігі екені бәрімізге мәлім. Себебі, қолөнер ұлттың ұлылығын айшықтап, тамыры терең тарихтан сыр шертіп, қазақы қалпымыздың даралығын айқындай түседі. Сондай-ақ, он қолынан өнер тамған шеберлердің төл туындыларынан биік талғамның, әсемдіктің жарқын үлгісі анық байқалады. Халқымыздың шежіреге бергісіз тарихынан, рухани болмысынан, таным-түсінігінен айтарлықтай мәнді мәлімет бере алады. Сондықтан да ұрпаққа жалғасқан өміршең өнер ұмытылып, рухани құндылығымыздың құны кеміп, ұлттық мәдениетіміздің мәні жоғалады деу әбестік болар.

Қолөнердің қалыптасуы, дамуы тарих беттерінде бүгінге дейін таңбаланып тұр. Яғни, көне замандардан бастау алып, түрлі тайпалардың мәдениетінен құралған. Бүгінде жанданудың жолында қайта жаңғырып, дамудың нәтижесінде дәстүрлі қолөнерге айналды. Негізінен, қолөнердің сан алуан салалары бар екендігі белгілі. Мәселен, зергерлік бұйымдарды дайындау, музыкалық аспаптарды жасау, киіз үй тігу немесе басу, ат әбзелдерін дайындау және өзге өнерлер жатады. Әрине, мұның бәрін даярлау шеберлігі шыңдалған шеберлердің һәм олардың тұтынушыны алдамай сататын адал еңбегінде. Әлдебір бұйымды жасау барысында әр бөлшегіне мән беріп, ұлттық сипаттағы нақышты бейнелеуде жан тәнімен білек сыбана белсене кірісетіндігінен кәсіпке деген адалдығын аңғаруға болады. Демек, еңбексүйгіштігімен еленетін қолөнершілердің ұлттық құндылықтарды насихаттауда алатын орны зор. Қазақ өнерінің өн бойындағы ерекшеліктің бәрі, өрнектелген оюдың әрқайсысы қазақ деген ұлы ұлттың бар екендігін жаһанға жариялап, әлемге паш етіп танылатындай танымды өнер десек артық айтқандық емес.

Previous Post

САЙРАМ АУДАНЫ: «ӘЛЕМДІ МЕЙІРІМДІЛІК ҚҰТҚАРАДЫ» АТТЫ АПТАЛЫҚ БАСТАУ АЛДЫ

Next Post

БҮГІНГІ ТАЛАПКЕР – ЕРТЕҢГІ МАМАН!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі