13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫ: «ӘЛЕМДІ МЕЙІРІМДІЛІК ҚҰТҚАРАДЫ» АТТЫ АПТАЛЫҚ БАСТАУ АЛДЫ

15 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ АУДАНЫ: «ӘЛЕМДІ МЕЙІРІМДІЛІК ҚҰТҚАРАДЫ» АТТЫ АПТАЛЫҚ БАСТАУ АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2023 жылдың қараша айының 13-17 күндері аралығында «Әлемді мейірімділік құтқарады» атты психологиялық қызметінің апталығы ұйымдастырылуда.
Мақсат — психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршілігін, ынтымақтастығын қалыптастыру, ұжымда бір-бірін қолдауға, өз ісінің белсенді маманы болуға деген қабілетін арттыру. Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту, өзара жағымды қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, әлеуметтік ортада өзін еркін ұстауға және өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Нәтижесінде, жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық пен құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, ерте жүктілік мәселесін болдырмау, алдын алу жолдары ұсынылады, бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлін нығайтып, мектеп пен ата-аналардың тығыз байланысына ықпал етеді, жеке тұлға қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін көрсете отырып, салауатты өмір сүруге қызығушылықтарын оятады, ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырады.
Осыған орай бүгін барлық мектептерде «Бақытты күн» айдарымен психологиялық қызметінің апталығының ашылуы өткізіліп, оқушылардың мектепке қандай көңіл-күймен келгенін бақылап, көңіл-күйін көтеру, көңіл-күйін реттеу мақсатында топтық «Қимылды жаттығу», «Бақыт мен үшін ол…» акциясы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Сайрам ауданының білім бөлімінің 06.11.2023 жылғы №354 бұйрығына сәйкес, білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2023 жылдың қараша айының 13 — 17 күндері аралығында «Әлемді мейірімділік құтқарады» атты психологиялық қызметінің апталығы ұйымдастырылуда.
Апталықтың мақсаты: Психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршілігін, ынтымақтастығын қалыптастыру, ұжымда бір-бірін қолдауға, өз ісінің белсенді маманы болуға деген ниет тілегін арттыру.
Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту, өзара жағымды қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, әлеуметтік ортада өзін еркін ұстауға және өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Осыған орай N 77 Тұран жалпы білім беретін мектебінде 15.11.2023 жылы «Мейірімділік күні».
«Мейірімділік нұры» тақырыбында оқушылар мұғалімдерге ізгі тілектерімен мейірімін үлесті.Күн барысында «Өзіңнің жылуыңмен бөліс» психологиялық тренинг ұйымдастырылды. «Өз қолыңмен» акциясы өткізілді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN - 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНА ҚЫЗУ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

Next Post

ОРДАБАСЫ: ЖАС ШЕБЕРДІҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі