13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN — 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНА ҚЫЗУ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

15 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN — 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНА ҚЫЗУ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

«Ақжайық» музыка мектебі ғимаратында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN — 2023» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына шығарып салу іс-шарасы өтті.
WorldSkills – әлемнің 82 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс. Оның негізгі мақсаты жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу. Кәсіптік білім берудегі техникалық, қызмет көрсету және құрылыс салалары бойынша қатысушылардың тәжірибелік дайындығы, кәсіптік біліктілігі, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу және біліктілігін сынау.
Осы ретте ағымдағы жылдың 19-27 қараша күндері Астана қаласында «Worldskills kazakhstan — 2023» республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.
Чемпионатқа Түркістан облыснан 30 студент қатысып, 29 құзыреттілік бойынша бақ сынауда.
Чемпионатты өткізу арқылы жұмысшы мамандығының беделін арттыру және кәсіптік білімді дамыту, кәсіптік білім алушыларды халықаралық WorldSkills чемпионатына қатысу арқылы әлемнің үздік тәжірибесін үйрену мүмкіндігі бар. «WorldSkills» – «Әлемдік бағыт» деген мағынаны білдіретін әлемнің 80 мемлекетіне таралған Халықаралық қозғалыс. Еліміз бұл қозғалысқа 2014 жылдан бастап енген.

WorldSkills – жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу, кәсіптік білім берудегі техникалық, қызмет көрсету және құрылыс салалары бойынша қатысушылардың дайындығын, кәсіптік біліктілігін, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениетін, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу біліктілігін сынау бағытындағы қозғалыс.

Аталмыш конкурс болашақ мамандардың білімі мен білігін арттыруда елеулі үлес алатыны айқын дүние.
Айта кетейік, өткен жылы «Worldskills kazakhstan — 2023» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына Түркістан облысынан 14 колледжден, 29 кұзыреттілік бойынша 30 қатысушы, 29 эксперт қатысып бақ сынаған болатын. Есесіне, студенттеріміз ІІ орын — 5, ІІІ орын — 3, 5 медальон жеңіп алды.
Өңіріміз аталған Чемпионатқа 2015 жылдан бастап қатысып келеді.

Previous Post

КЕЛЕС: ОҚУШЫ ҚЫЗ ЗААНЕНДІК ЕШКІ СҮТІНІҢ МАҢЫЗЫН ЗЕРТТЕУДЕ

Next Post

САЙРАМ АУДАНЫ: «ӘЛЕМДІ МЕЙІРІМДІЛІК ҚҰТҚАРАДЫ» АТТЫ АПТАЛЫҚ БАСТАУ АЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі