13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

15 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ:  ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан өңіріндегі оқу ордаСЫ әлемдегі ең әрі ықпалды әлемдік университет рейтингтерінің бірі – QS World University Rankings 2024 естелік белгісі мен сертификатына ие болды. Марапатты QS Quacquarelli Symonds Президенті және негізін қалаушы Нунцио Квакварелли өз қолымен университет ректоры Жанар Темірбековаға табыс етті.
Еске салайық, университетіміз QS World University Rankings 2024 әлемдік рейтингінде 787-ші (781-790 позиция) орынға жайғасты. Рейтингке 104 мемлекеттен 1499 университет енді. QS рейтингінде бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізілді: академиялық бедел, жұмыс берушілер беделі, студенттер саны мен оқытушылар ара қатынасы, ғылыми жарияланымдарға сілтемелі басылымдар, шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі, халықаралық ғылыми коллаборация, бітіруші түлектердің жетістігі және тұрақты даму мақсаттарына қолжеткізу.
Бүгін Алматы қаласындағы Абай университетінде QS World University Rankings халықаралық рейтингінің естелік белгісі мен сертификатын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Оған Ахмет Ясауи университетінің ректоры Жанар Темірбекова да қатысты.
Іс-шараның шымылдығы Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің Төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма төрағасы – ректоры Ерлан Сыдықовтың құттықтау сөзімен түрілді.
Сертификаттарды тапсыру рәсімінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп, QS Quacquarelli Symonds негізін қалаушы және президенті Нунцио Квакварелли, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі Фатима Жақыпова сөз сөйледі.
Бұдан әрі университет басшыларына QS World University Rankings 2024 естелік белгісі мен сертификаттары табыс етілді.

Previous Post

КЕЛЕС: АҚТӨБЕДЕ ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕДИАКРАТТАР МЕДИАФОРУМЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі