13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕДИАКРАТТАР МЕДИАФОРУМЫ ӨТТІ

15 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ:  МЕДИАКРАТТАР МЕДИАФОРУМЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Ахмет Ясауи университетінің қабырғасында «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Медиакраттар медиафорумы» өтті.
Жиынға ҚР Парламент депутаттары, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, танымал медиатұлғалар, бірқатар өңірлердегі медиахолдинг басшылары, еліміздегі жетекші БАҚ өкілдері, университеттегі Журналистика кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Басқосуға себеп болған негізгі тақырып – «Масс-медиа туралы» Заң және журналистика тағдыры. Форумның негізгі мақсаты – журналистикадағы реформалардың бірізділігін қалыптастырып, БАҚ саласындағы мемлекеттік тапсырыс ісіне өзгерістер енгізу, жаңадан қабылданып жатқан «Масс-медиа туралы» туралы Заңда отандық журналистиканың өзекті мәселелерін терең зерттеп, жеткізу.
Медиафорумға арнайы қатысқан университет ректоры Жанар Темірбекова қазіргі таңдағы отандық журналистиканың, аймақтық баспасөз беттері мен телеарналардың тағдыры көпшілікті алаңдатып отырғанын атап өтті.
Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған медиафорумда танымал спикерлер отандық медиа саласының бүгіні мен болашағы, ұлттық және аймақтық журналистиканың өзекті мәселелері, «Масс-медиа туралы» заң жобасына қатысты сарапшылық пікірлерін ортаға салды.
Басқосуды модератор ретінде жүргізген Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, танымал журналист Ғалымжан Елшібай ақпараттық саясат саласының күн тәртібінде тұрған заң жобасын қабылдарда аймақтық журналистика өкілдерінің талап-тілектері ескерілуі тиістігін атап өтті.
Белгілі қоғам қайраткері Дархан Мыңбай, ҚР Парламент Мәжілісіндегі «Масс-медиа туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, депутат Жанарбек Әшімжан, Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай, Мәдениет және ақпарат министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов пен Оралхан Дәуіт, Серік Әбікенұлы, Жұлдыз Әбділдә, Есенгүл Кәпқызы, Молдияр Ергебеков секілді бірқатар белгілі журналистер тақырып төңірегіндегі ойларымен бөлісті.
Айта кетейік, медиафорумның қорытындысы бойынша салалық министрлікке және Парламентке «Масс-медиа туралы»заң жобасына қатысты ұсыныстар жолданатын болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

Next Post

САЙРАМ АУДАНЫ: ӘДІСКЕРЛЕР ДӨҢГЕЛЕК ҮСТӨЛДЕ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі