13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС: АҚТӨБЕДЕ ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНУДА

15 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС: АҚТӨБЕДЕ ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНУДА
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде жергілікті азаматтар оқушы санының жыл сайын артуына байланысты жаңа мектеп салып беруін сұранған болатын. Нәтижесінде Ақтөбе ауылдық округінің Ғ.Мұратбаев елді мекені аумағынан 600 орындық «Жайлы мектеп» құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек Көгерту ауылында 300 орындық білім нысанының құрылысы бастау алды. Келер жылы Жуантөбе және Ескіқорған елді мекендерінде 300 орындық мектеп құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
— Ақтөбе ауылдық округі ауданымыздағы халық тығыз орналасқан өңірлердің бірі. Оқушылардың саны жыл өткен сайын артып, жаңа мектептер салуды талап етеді. Солардың бірі осы Көгерту ауылында. Өздеріңіз білесіздер әр шаңырақта бес, алты оқушы бар. Ал біздер сол оқушылардың сапалы білім алу үшін мектептер салып, білім базасын нығайтуымыз қажет. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүзеге асады, — дейді Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Ердаулет Жасұзақов.
Айта кетейік, №38 «Көгерту» бастауыш білім беретін мектебінде 70 оқушы білім алатын білім нысаны 1961 жылы пайдалануға берілген. Алғашында кәсіптік білім беру нысаны ретінде қолданылып, кейіннен ыңғайластырылған мектеп ретінде пайдаланып келінеді. Ауылдық елді мекеннің дамуы мен тұрғындар сұранысы негізінде жаңа мектеп салынатын жер телімі анықталды. Қос мектептің құрылысы келер жылы аяқталуы көзделген.
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 49 мың оқушыны қамтитын 63 мектеп салынады. Оның 29-ының құрылысы биыл басталып, 2024 жылы аяқталады. Ал қалған 34 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен салынатын бұл білім ұялары өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешуге серпін береді.

Аталған ауқымды құрылысқа байланысты облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ұлттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі алгоритм әзірленді. Алгоритмге сәйкес облыс көлемінде арнайы жұмыс тобы құрылып, құрамына облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, басқарма басшылары, депутаттар, білім саласы және инфрақұрылымға қатысты мекеме өкілдері енгізілді. Жұмысшы топтың отырысы айына кемінде 1 рет өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланып жатыр. Әрбір білім ұясының құрылысы қатаң бақылауға алынады. Инфрақұрылымы, инженерлік жүйелері, жері, суы мен газы, электр жүйесі, жалпы әрбір өзекті мәселесін шешу жолдары жоспарланып, нақты жұмыс жүріп жатыр.

Оқушылардың саны зерделеніп, қауіпсіздігі де басты назарға алынған. Сонымен бірге мектептердің жобасы, қолданылатын құрылыс материалдары мен жиһаздары бойынша да ортақ стандарт қабылданған. Ол мердігерлерге ұсынылды.

Previous Post

Түркістан облысы: Созақ ауданындағы жаңа мектептің техникалық жарақтандыру үлесі 4 есеге ұлғайтылды

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі