13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: «МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ» АТТЫ ПІКІР АЛМАСУ САБАҒЫ ӨТТІ

14 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: «МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ» АТТЫ ПІКІР АЛМАСУ САБАҒЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде аудандық 9-10-11 сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» атты пікір алмасу сабағы өткізілді.
Аталған іс-шараға өз ісінің шебер мамандары және жас мамандар қатысып, өз ойларымен бөлісті. Әр мамандық иесі өз кәсібінің қыр-сыры туралы кеңінен тоқталды.Шараның мақсаты мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру. Әр білім алушының пікірі төмендегідей болды.Мамандық — әрбір адамның сүйіп жасайтын кәсібі. Мамандық таңдау өміріңдегі ең маңызды шешімді қабылдау. Өмірде басқа нәрседен қателессек те мамандық таңдаудан қателеспеуіміз керек. Себебі мамандық таңдау арқылы біз өз болашағымызды жасаймыз. Болашағымыздың жарқын, келешегіміздің кемел болуы біздің таңдауымызға байланысты. Мамандықты дұрыс таңдау өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Менің ойымша әрбір адам өз жүрегі қалайтын, қызығушылығын арттыратын мамандықты таңдау керек. Өзің сүйіп жасамайтын мамандықты таңдау-өмірдің қиыншылығын таңдағанмен тең. Жасөспірім шақтан үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған жас шағымыздағы ең үлкен міндет-мамандық таңдау.
Мақсат — оқушыларға заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру.
Мен таңдаған мамандық-әр баланың болашағына жол сілтеп, бойына ақыл мен білім дарытатын, қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылым жемісінің дәмін таттыратын Ұстаз мамандығы. Ұлағатты ұстаз болу, жас ұрпақты білім нәрімен сусындату, өз білгенімді өзгеге үйрету ол менің жүрек қалауым. Ел қорғаған батырды, ақыл ойы терең данышпанда, он саусағынан өнер тамған шебер де, тілінен бал тамған ақында ұстаздан тәрбие алады. Мен де Қазақстанды дамытатын ақылына көркі сай ертеңгі елді болашағы болатын жас мамандарды даярлап шығарып, оларға білім бергім келеді.
Осындай тәрбиелік мәні зор 9-11 сынып оқушылары үшін мамандық таңдау барысында қолдау көрсету, дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында іс-шаралар барлық білім беру ұйымдарында өз кезеңімен жоспарға сай алдағы уақытта да өткізіле бермек. Кәсіби бағдар беру-бітіруші мектеп оқушылары үшін өте маңызды.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Next Post

ШАРДАРА: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі