Шардара ауданының білім бөліміне қарасты Жаушықұм ауылында орналасқан МКҚК «Жауқазын» бөбекжай бақшасында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы оқытуға тарту».
Мақсаты: ойын арқылы оқыта отырып ойлау қабілеттерін дамыту үшін шығармашылық қиялын, көркем-эстетикалық талғамды дамыту, тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық құндылықтарға баулу,тәрбиелеу.– Бала отбасының көз қуанышы. Өйткені қазақта сөз бар: «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген. Сондықтан да, халқымыз баланы ерекше қадірлеген. Біреу бақытты байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, қызмет пен мансаптан іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы: «Адам ұрпағымен мың жасайды». Тәрбиеге келетін болсақ, қазақ халқы баланы жастан, жастан емес-ау бесіктен, тіпті ана құрсағынан бастап тәрбиелеу керек деп өсиет қалдырған. Баланың түп казығы, алтын ұясы-отбасы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу-отбасы мен мектептен алған үлгі-өнеге жиынтығының жемісі. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бала отбасында әкеге қарап, ал, қыз анаға қарап өседі. Сондықтан да әр ата-ана балаларының алдында өздерін дұрыс ұстап, ғибраты мол әңгіме айтып, жүріс–тұрысымен, киім–киісімен, іс–әрекетімен үлгі бола білуі керек. Қазір баланың сана сезімін улайтын айғақтар телеарнадағы түрлі бағдарламалар. Бұлардың бала психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да, қазіргі таңда балаларға кітап оқытып, кітаптың берер тәрбиелік мәні өте зор екенін ұғындыру керек. Бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсіру қажет. Жат қылықтан аулақ болуға, тәртіпті адам барлық жерде, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда, өзін –өзі дұрыс ұстауын санасына құйып отыру қажет. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады. Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып-білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор
Аудандық тәжірибелік семинарға аудандық білім бөлімнің мектепке дейінгі ұйым әдіскері Айгуль Жумабекова және МДҰ арасынан құрылған білікті әдістемелік топ және 39 балабақша педагогтары қатысты.