13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

14 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысының білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы Жетісу облысы білім басқармасы мен «Жас ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып өскелең ұрпақтың Қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау мақсатында жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының арасында жуырда Талдықорған қаласында «Жаңа Қазақстанның болашағы — Зерделі ұрпақ» атты Республикалық пікірсайыс турнирі болып өтті.
Турнирге Түркістан облысы атынан «Саналы ұрпақ» командасы, Кентау қаласы, М.Қашғари атындағы мектеп-лицей оқушылары ағылшын және орыс лигаларына қатысты.
Пікірталасшылар республикалық турнирде тартысты өнер көрсетіп, ағылшын лигасы бойынша Изатуллаева Лайло Икрамжанқызы, Насируллаева Барно Рухиллақызы ІІІ дәрежелі дипломмен, орыс лигасы бойынша Анварова Алтинай Максудқызы «Үздік спикер» номинациясымен марапатталып жеңіске жетті.
Жетекшілері Амин Зумрад Сатыболдыкизы, Мухитдинова Захира Акажановна.
Еске салайық, Түркістанда «Ұлттық пікірсайыс» республикалық турнирінің мектеп оқушылары арасындағы облыстық кезеңі өтті. Пікірсайыс турнирінде өңір бойынша аудан, қалалардағы білім беру ұйымдарындағы 9-11 сыныптардан 110-нан астам оқушы қатысты. Білім бәсекесінде оқушылар қазақ, орыс, ағылшын лигалары бойынша сайысқа түсті. Турнирдің мақсаты – білім алушылардың шешендік өнері және позитивті, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы өзекті мәселелерді көпшілік алдында талқылау.
Дебат алаңында – туған елдің игілігі үшін жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыру, қазақ дәстүрлерін сақтау және мәдени мұрасын дамыту тұрғысындағы сұрақтар талқыланды. Жобаны іске асыру – ұлтына, тіліне қарамастан білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың төзімділігін тәрбиелеуге ықпал етеді. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдар және сыйлықтармен, үздік спикерлер дипломдармен, сыйлықтармен, барлық қатысушы командалардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Атап айтқанда, қазақ лигасы бойынша жетісайлық «Айқын» фракциясы І орынды иеленді. Ал сайрамдық «Ақиқат», түркістандық «Хауа ана» мен «Шексіз қозғалыс» фракциялары ІІ орынды, Бәйдібек ауданының және отырарлық «Парасат», ордабасылық «Алтын сапа», қазығұрттық «Парасат» фракциялары ІІІ орынға тұрақтады. Орыс лигасы бойынша Шардара ауданының «Incognito» фракциясы І орын иегері атанса, жетісайлық «Фемида»және бәйдібектік «Шекспир» фракцилары ІІ орынды сондай-ақ, ордабасылық «НЛО» және сайрамдық «Эрудиты» фракция мүшелері ІІІ орын иемденді.

Previous Post

Түлкібас ауданында балабақша тәрбиешілерінің педагогикалық оқуы өтті

Next Post

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: «МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ» АТТЫ ПІКІР АЛМАСУ САБАҒЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі