Бүгін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ мен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ құқықтық бөлімімен бірлесіп әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің аясында бастауыш кәсіподақ төрағаларына құқықтық оқу-семинарын өтті.
Шараға Түркістан, Кентау қалалары және Сауран ауданы білім беру ұйымдарындағы тиісті мамандар қатысты.
Оқу-семинарына арнайы Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекшісі Қыдырбаева Райхан Мамашиқызы келіп, облыстағы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына құқықтық кеңес берді. 83-бұйрыққа енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Педагогтарды аттестациялау бойынша басымдық беріліп, заңнамаларын толыққанды түсіндірді. Қолданыста бар нормативтік актілер жайында құлағдар етті.
Семинар барысында мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, диалог ретінде сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Пайдалы жиын нәтижесінде қатысушылар өз ойларын ашық жеткізіп, көкейдегі сауалдарына тиісті жауап алды.
Айта кетейік, аталмыш семинар 13 қарашадан басталып, 3 күнге жалғасады.Келісім – бұл мемлекеттік орган мен кәсіподақ арасында жасалған, тараптардың еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттерін айқындайтын құқықтық акт. Сонымен бірге, бұл құқықтық акт қызметкерлердің жағдайын еңбек заңнамасымен салыстырғанда жақсартуға мүмкіндік береді. Екі жақты комиссия келісімді әзірлеу үшін алдын ала үлкен жұмыстар жүргізді, пікірталастар жеткілікті болды, бірақ ақырында бәтуаластыққа қол жеткізілді. Жаңа келісімнің бірлестік филиалдары мен өкілдіктерінің, сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұсыныстары ескеріле отырып жасалды, бұл өз кезегінде ұжымдық шарттардың әлеуметтік пакетін кеңейтеді, сондай-ақ олар да жаңартылады. Мен 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім беру мекемелері мен бюджеттік басқаруды басқару функциялары қалалар мен аудандар бөлімінен облыстық деңгейге өтуіне байланысты ескерте кеткім келеді, келісім шарттарды бұрынғыдай жер-жерлерде жасау қажеттілігі жойылды. Бастапқы кәсіподақ ұйымдарының ұжымдық келісімдері енді тек аймақтық келісіммен реттелетін болады. Әлеуметтік серіктестік тараптары келісім бойынша міндеттемелердің орындалуын тұрақты негізде бақылап отырады.Осы заң актісінің талаптарын бұзу немесе орындамау әкімшілік жауапкершілікке, яғни 400 АЕК немесе 1,1 млн.теңге мөлшерінде айыппұлға тартылады. 2021 -2023 жылдарға арналған келісімнің әр ережесін, яғни бұл негізгі құжаттың шамамен 230 пунті және 18 қосымшасын, біз міндетті түрде білім саласының қызметкерлеріне жеткіземіз және түсіндіреміз. Бұл мақалада мен тек бірнеше маңызды жағдайларға тоқталғым келеді. Сонымен, жаңартылған келісімде «Көркем шығарма» пәні бойынша сабақ өткізген кезде оқушылардың санына қарамастан сыныпты топқа бөлу шарасы бекітілген. Оқу жылының басында бұл мәселе бойынша көптеген келіспеушіліктер болды, өйткені мұғалімдердің жүктемесі және сәйкесінше еңбекақы төленуі оның шешіміне тікелей байланысты. ҚР БҒМ ресми түсіндірулеріне қарамастан, сұрақтар қалда. Осы норманы келісімге енгізу келіспеушіліктер мен еңбек дауларын болдырмауға мүмкіндік береді.