13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Келес ауданында химия пәнінің білікті маманы еңбек етеді

14 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Келес ауданында химия пәнінің білікті маманы еңбек етеді
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданында жоғары нәтиже көрсетіп жүрген мұғалімдер қатары күн санап артып келеді. Оладың жетістіктері шәкірттерінің білімімен бағалануда. Сондай ұстаздың бірі — №13 Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі Рахымжан Исмайлов. Ол 23 жылдан бері оқушыларға химия пәнінен дәріс беріп келеді.
Аудандық білім бөлімі басшылығының айтуынша, Рахымжан Исмайлов аталған мектеп жұмыс істеген соңғы 10 жылдың өзінде 4 мыңға жуық шәкірті грант иегері атаныпты. Сонымен қатар білікті педагог қосымша білім беру орталығында да дәріс беріп жүр. Оны көршілес аудандардан іздеп келетін оқушылар да бар екен.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында білім саласына ерекше басымдық беріп отыр. Соңғы жылдары мектептердегі физика, химия мен биология пәндерінің кабинеттері соңғы үлгідегі құрал жабдықтармен жаңғыртылуда. Бұл да елімізде білім сапасының артуына өз септігін тигізуде. Сонымен мұғалімдердің жалақысы да бұрынғыға қарағанда жоғарылай түсті. Бұл да мұғалімдердің жұмысына серпін бергені анық. Ал елімізді кемел келешекке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептің жүрегі – мұғалім. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға білім, биік парасаттылық керек. Қазір мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаған Келес және Сарыағаш аудандарының мектеп түлектері еліміздің үздік жоғары оқу орындарында білім алуда. Мен үшін мұғалім болу мәртебе. Оқушыларым медицина, химия саласында еліміздің дамуына өз үлесін қосса мен бақыттымын, — дейді ол.

Оның айтуынша, оның алдынан білім алған оқушыларының бірсыпырасы Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қарағанды қаласындағы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы сияқты жоғары оқу орындарында білім алуда екен.

Сондай-ақ, Рахымжан Исмайловтың шәкірттері аудан, облыс, республика көлеміндегі жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары. Атап айтқанда 9-сынып оқушысы Жанат Сайданова химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы V Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде жоғары білім деңгейін көрсеткен. Ал, 11-сынып оқушысы Марал Аманбаева химия пәнінен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесе өткізілген III облыстық Менделеев олимпиадасына қатысып, жүлделі орынға ие болды.

— Мұғалімнің еңбегі ұжымда да, ауданда да ескерусіз емес. Ол оқушыларға дәріс берумен қатар, шығармашылықпен де, оқулықтар жазумен де айналысуда. Оның авторлығымен жақында 7-8-сыныптар мен 10 сыныптарға арналған «Химия пәнінен тесттер жинағы» және «ҰБТ-ға дайындық» әдістемелік жинақтары жарық көрді. Мектеп ұстазы Рахымжанның алда алар асуы биік, — дейді мектеп басшылығы.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК КЕЛІСІМ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚУ- СЕМИНАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

Түлкібас ауданында балабақша тәрбиешілерінің педагогикалық оқуы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі