13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ ЖЕТІ ТІЛДІ ЕРКІН МЕҢГЕРГЕН

14 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ ЖЕТІ ТІЛДІ ЕРКІН МЕҢГЕРГЕН
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрттық ұстаз Смадияр Каримов жеті тілде еркін сөйлейді. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, өзбек, араб және кәріс тілдерін меңгерген полиглот мұғалім бүгінде аудандағы Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. Негізгі мамандағы — ағылшын және араб тілі. 2006-2021 жылдар аралығында аталған мектепте ағылшын тілінен сабақ берген. Өзінің айтуынша, ол оқушыларға тіл үйрету барысында арнайы әдістерді қолданады.
— Тіл үйретуде көп әдістерді арнайы сайттардан алып, оны оқушыларыма үйретемін. Арнайы бағдарламалар арқылы оқушыларға қызықты әрі нәтижеге қол жеткізуге болатын тапсырмалар беріледі. Сабақтың басында оқушылардың сөздік қорын көбейтуге септігін тигізетін түрлі әдістерді қолданамын. «Ұстаз ізденуін тоқтатқан кезде ұстаз болудан қалады» дегендей алдыңда отырған әрбір оқушының жүрегіне жол таба алатындай амал жасап, оның тұлға болып қалыптасуына барымызды салуымыз керекпіз, — дейді Смадияр ұстаз.
Айта кетсек, оның жұбайы да ағылшын тілінің мұғалімі. Отбасында екі ұл, екі қызды тәрбиелеп отыр.
АЛ Түркістандық Гавхар Байметова — қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін полиглот ұстаз. Бүгінде Гавхар Түркістан қаласындағы №9 Некрасов мектеп-гимназиясының білікті мұғалімі. Ол аталған мектепте 14 жылдан бері ағылшын тілінен сабақ беріп келеді.
Оның айтуынша, оқушылардың жан-жақты дамуы, заманауи және сапалы білім алуы үшін ағылшын тілін үйренуі маңызды. Оқу бағдарламасына жыл сайын өзгерістер енгізіліп жатқанын назарда ұстайтын ұстаз дәрісті жаңаша үйрету дағдысында озық үлгімен оқытып келеді.
— Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тіліңді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз. Тәуелсіз Қазақстанды дамыған өркениетті елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз — бүгінгі білім қуған жастар деп білемін. Өзінің тілін, тарихын жетік білген жастар қайда жүрсе де абырой биігінен көрінері сөзсіз. Қанша тіл білсек, сонша білімді игереміз. Сондықтан көп тіл білу де заман талабы, — дейді түркістандық ұстаз.
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.

Previous Post

Түлкібаста «Мен таңдаған мамандық» атты ашық сабақ оқушыларға жақсы әсер қалдырды

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК КЕЛІСІМ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚУ- СЕМИНАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі