13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас ауданында ата-аналармен жұмыс мектебі қалыптасқан

13 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Түлкібас ауданында ата-аналармен жұмыс мектебі қалыптасқан
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс күн санап жақсара түскен. Оған мектеп ішілік түрлі іс-шараларға ата-аналарды араластыру да өз септігін тигізген.
Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің қызметкерлерінің айтуынша, бұл бағытта көп іс-шара ұйымдастырылған. Соның бірі, атап айтсақ, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінде 1-сыныптың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткен «Білімдіге дүние жарық» атты тақырыбында бастауыш сынып ата-аналары тренингі.
— Бұл тренингті өткізудегі басты мақсат, қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының жоғарылауына ықпал ету. Бастауыш сыныпта өткен тренинг өз мақсатына жетті, — дейді білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің маманы.

Сондай-ақ Ұрбұлақ жалпы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды қолдау орталығының» жоспары бойынша 5«ә»-сынып жетекшісі Айгүл Алдеева «Баланың бас ұстазы – ата-ана» атты тақырыпта ата-аналармен сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты, оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту болатын.

— Сабақта көзделген басты міндеттер ретінде, үш бағытты айтуға болады. Біріншісі, ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру. Екіншісі, ата-аналарды позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағидаттарымен, әдістерімен таныстыру. Үшінші, ата-аналарға позитивті ата-ана болу дағдыларын игеруге көмектесу. Мен өзім берген ашық сабақ барысында мақсатыма жеттім. Алдымдағы оқушылардың ата-аналарымен жоғарыда аталған міндеттерді алдыма мақсат етіп қоя отырып, мақсатыма жеттім, — дейді Айгүл Алдеева.

Сабақтың соңында позитивті ата-аналар ата-ана болу дегеннен хабардар болды, оның қағидаттарын, ережелерін түсінді, позитивті ата-ана болу рухында баламен қарым-қатынастың кейбір тәсілдерін меңгерді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 3 ауысыммен білім беретін мектеп жоқ

Next Post

МАҚТААРАЛДЫҚ ҰСТАЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСЫП ҚАЙТТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі