13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 3 ауысыммен білім беретін мектеп жоқ

13 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 3 ауысыммен білім беретін мектеп жоқ
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданында 3 ауысыммен білім беретін мектеп жоқ. Сонымен қатар ауданда 98 балабақшада 10483 бүлдіршін тәрбиеленуде. Келес ауданындағы 65 мектепте 34652 оқушы білім алып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде БАҚ өкілдерімен кездескен аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев айтып берді. Жәнібек Есенұлының айтуынша, қазір Келес ауданындағы 65 мектепте 34652 оқушы білім алып жатса, 98 балабақшада 10483 бүлдіршін тәрбиеленуде.

талған сала бойынша өткен жылы Жамбыл елді мекеніндегі №29 ЖОМ мен Ынтымақ елді мекеніндегі №37 Р.Қошқарбаев атындағы мектеп пайдалануға берілсе, 111,5 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілетін №28 Мақташы, №11 Жолбасшы мектептері 2023 жылдың тамыз айында қолданысқа тапсырылмақ. Сонымен қатар, өткен жылы 1-4 сынып оқушыларына арналған «Нұрбала» және «Абай Дарын» жекеменшік мектептер ашылған. Оған қоса ауданда облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен 2021, 2022 жылдары екі мектептің құрылысы басталып, бүгінгі таңда әрі қарай жалғасып жатыр. Жалпы, Келес ауданында 3 ауысыммен білім беретін мектеп жоқ.

Айта кетсек, Келес ауданында бала туу көрсеткіші жыл сайын артуда. Нәтижесінде мектепке баратын оқушылардың саны жыл сайын артып, қосымша мектеп салу мәселесі күн тәртібіне көтерілуде. Осыған орай, аудан аумағында биыл екі мектептің құрылысы бітсе, үш мектептің құрылысы басталуы жоспарлануда.Биыл пайдалануға берілетін мектептердің бірі Ошақты ауылдық округіндегі №46 Абай атындағы жалпы орта мектебіне қосымша 300 орындық оқу корпусы. Аталған құрылыс нысанында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы барып, мердігерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы орындалуы бағытында нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда жылу жүйесі, сыртқы абаттандыруы, құрылылыс материалдарының сапасына мәр беруі және спорт, асхана залдарына қойылатын құрал-саймандардың ыңғайлы әрі сапалысын орнату бойынша тапсырмаларды жүктеді. Берілген тапсырмалардың орындалуын өз бақылауында болатынын жеткізді.

Айта кетейік, аталған білім нысанының ескі ғимараты 600 орынға лайықтанып, 1200 бала білім алуда.Сонымен қатар, биыл ел игілігіне тапсырылатын білім ошағы Қошқарата ауылдық округінің орталғындағы №25 С.Сейфуллин мектебіне қосымша 300 орындық оқу, асхана және спорт зал құрылысы болып табылады. Аталған білім ошағының ескі ғимаратында 600 оқушы екі ауысымда білім алуда. Сыйымдылығы 300 орынға лайықталған болатын. Жаңа нысан ағымдағы жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуі жоспарланған. Құрылыс барысымен танысқан аудан басшысы Жәнібек Есенұлы мердігерге жұмысшы санын арттыру және сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Құрылысын барысы толықтай бақылауда болатынын жеткізді.

Previous Post

Қызылша ауруы қалай жұғады?

Next Post

Түлкібас ауданында ата-аналармен жұмыс мектебі қалыптасқан

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі