13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДЫҚ ҰСТАЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСЫП ҚАЙТТЫ

13 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛДЫҚ ҰСТАЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСЫП ҚАЙТТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдіскері Мырзалиева Нурсулу Құрманқызы, Қостанай қаласында өткен Республикалық Дарын орталығының ұйымдастыруымен «Озат» мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында физика, химия, биология пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды ғылыми жобалар конкурстарына дайындаудың құрылымдық-мазмұндық қызметі» атты республикалық оқу семинарына қатысты.
Семинарға республикамыздың түкпір-түкпірінен 50-ге жуық мұғалімдер жиналды.
Республикалық оқу семинарының негізгі мақсаты — физика, химия, биология пәні мұғалімдерінің дарынды оқушылармен жұмыс барысында, құзыреттілігін арттыру мақсатында тәжірибе бөлісу болып табылады.
Семинар спикерлері ретінде «Озат» МАТМЛИ ұстаздары мен дарынды оқушылары, сонымен қатар, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары тәжірибелерімен бөлісті. Республикалық оқу семинарынан тәжірибелі жұмыстармен құнды мағұлматтар алынды. Алдағы уақытта аудандағы педагогтерге ғылыми жобаны жазудың қыр сырымен бөлісу жоспарлануда.
Жалпы білім беретін мектепте ерекше дарынды балаларды анықтау үшін шығармашылық орта құру керек. Кез келген қоғамға дарынды адамдар қажет және қоғамның басты міндеті оларды анықтап, қабілеттерін дамыту. Алайда, өкінішке орай адамдардың барлығы бірдей өздерінің қабілеттерін өз беттерінше дамытуға дайын емес. Көбінесе бұл жағдай олардың отбасына және мектебіне тәуелді. Отбасының міндеті баланың қабілетін уақытылы көре білу, ал мектептің міндеті – балаға қолдау көрсетіп, оның қабілетін дамыту және оны іске асыруға жағдай жасау. Дәл осы мектеп жасындағы баланың өзіндік шығармашылық тұлғасының негізі қалануы керек.
Дарынды балалар өз қатарластарын басып озып, оқу материалын меңгеру қарқындылығымен ерекшеленеді. Мұндай балалармен жұмыс жасау қызықты да күрделі. Мұғалімнің әрбірі мектеп оқулығымен жұмыс жасау қанағаттандырмайтын оқушылармен өмірінде бір рет болсада кездеседі, оларға сабақтағы жұмыс қызығушылық тудырмайды, олар сөздіктер, энциклопедияларды, арнайы әдебиеттерді іздеп жүріп оқиды, өздерін қызықтыратын сұрақтарға білімнің әр түрлі салаларынан жауап іздейді. Мектеп осындай дарынды балаларға ғылым мен өмірге жол сілтеп, өз қабілеттерін ашуларына ықпал етуі қажет. Білім берудің басты міндеті – тек ғана ғылым мен техника аясындағы жоғары білімді маман дайындау ғана емес, сонымен қатар жалпы мәдениет пен сауаттылық аясында жоғары білімі бар бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Ал ол мектепте білім беру деңгейін арттыруға, тұлғаға бағдарланған даралап оқыту тәсілін арттыруға және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға тікелей байланысты

Previous Post

Түлкібас ауданында ата-аналармен жұмыс мектебі қалыптасқан

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОБЛЫСТЫҚ «ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» БАЙҚАУЫНАН ПЕДАГОГТАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі