13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам ауданы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

30 ноября, 2020
in Жаңалықтар
0
Сайрам ауданы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 4 елді мекеннің (Ақсукент, Оразалиев, Манкент, Қожақорған) тозығы жеткен ауыз су жүйелері орташа жөндеуден өткізілген. Нәтижесінде ауданның 42 елді мекені 100% орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған.

Бүгінде аудандағы 12 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған. Көгілдір отын берілген жағдайда 27 164 тұрғын табиғи газбен қамтылмақ. Ал қазіргі таңда 5 елді мекенге газ беру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, биыл автомобиль жолдарын дамытуға республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 45 жолға, яғни 89,9 шақырымға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Бүгінгі таңда 45 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталған. Тағы облыстық маңызы бар «КХ-3- Көксәйек — Шаян — Аққала — Сарқырама» жолының 5 шақырымы жөндеуден өтті. Нысан 2021 жылға өтпелі.

Жыл қорытындысымен жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағатты жағдайдағы үлесін 52,7%-дан 59,4%-ға дейін арттыру көзделуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Әскери объектілерді қорғау - бірінші кезектегі маңызды міндет

Next Post

Түлкібас ауданында «көктал» шаруа қожалығы 2200 тонна алма өнімін жинаған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі