13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскери объектілерді қорғау — бірінші кезектегі маңызды міндет

27 ноября, 2020
in Жаңалықтар
0
Әскери объектілерді қорғау — бірінші кезектегі маңызды міндет
Share on FacebookShare on Twitter

Әлемдегі соңғы оқиғаларды ескере отырып диверсияға қарсы қауіпсіздік және әскери объектілерді қорғау – бірінші кезектегі маңызды міндеттер болып табылады. Осыған байланысты, Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде әскер қызметті ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлғалармен, диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша сабақ өтті.

Сабақ өткізу кезінде әскери объектілердің диверсияға қарсы қорғалуын арттыру, бөлім бойынша кезекшінің ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру, автокөліктерді, келушілерді және бірге жүретін адамдарды тексеру, басқа бөлімдердің әскери қызметшілерін бөлім аумағына кіргізу, бөлім аумағында патрульдеуді ұйымдастыру мәселелері және патрульдің әртүрлі жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмі қаралды.

Патрульдеуді ұйымдастыру бойынша сабақ өткізген оқу орнының басшысы, оның қосымша құрал – жабдықтарына – кіші жаяу әскер күрегіне назар аударды. Әскери қызметшілер оны армиялық қоян-қолтық ұрыс элементтерімен өзін-өзі қорғау кезінде қолдана білуі тиіс.

«Әскери бөлімде жоғары жауынгерлік әзірлікте ұстаудың негізгі жолдарының бірі әскерлер қызметін жалпыәскери жарғылар мен басқа да басшылық құжаттардың талаптарына толық сәйкес келтіру болып табылады. Әскерлер қызметін ұйымдастыруды сапалы жақсарту командирлердің, штабтардың даярлығына, оларды басқару шеберлігіне тікелей байланысты», — деп атап өтті майор Дархан Джургумбаев.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу

Next Post

Сайрам ауданы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі