13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас ауданында «көктал» шаруа қожалығы 2200 тонна алма өнімін жинаған

30 ноября, 2020
in Жаңалықтар
0
Түлкібас ауданында «көктал» шаруа қожалығы 2200 тонна алма өнімін жинаған
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Түлкібас ауданында орнасқан «Көктал» шаруа қожалығы 2200 тонна алма өнімін жинап отыр. Қожалық төрағасы Бейбіт Төлешовтың айтуынша, нәтижелі еңбектің арқасында биыл мол өнімге қол жеткізген. Сондықтан, кәсіпкер аудандағы «Жылдың үздік шаруа қожалығы» номинациясына лайықты деп танылған.
Кәсібі өркендеген шаруашылық қарамағында 260 гектар алма, 15 гектар қара өрік бауы және 2000 тонна қыс мезгілінде жеміс-жидек сақтауға арналған қойма бар. Қазіргі таңда бау-бақшадан 2200 тонна алма және 300 тонна қара өрік жиналған. Әр гектарынан өнімділік көрсеткіші — алма 146, ал қара өрік 200 центнер.
Қожалықта алма бау көлемін ұлғайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, биылғы жылы 15 гектарға қарқынды бау отырғызылған. Кәсіпкер бүгінде 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, маусым кезінде еңбекке 150 адамға дейін жұмылдырылады.
Сонымен қатар, кәсіпкер қайырымдылық шараларға белсенді атсалысады. Атап айтсақ, жомарт жан пандемияның екінші толқынына дайындық кезінде орталық ауруханаға екі дана жасанды тыныс алу апараты мен бау-бақшасының бір күндік терілген 300 келі алмасын дәрігерлер мен медбикелерге таратқан.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Сайрам ауданы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Next Post

Министр Бағдат Мусин халықтан кешірім сұрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі