13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жастардың діни түсінігін дұрыс қалыптастыру маңызды

12 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Жастардың діни түсінігін дұрыс қалыптастыру маңызды
Share on FacebookShare on Twitter

Ғылым мен технология қарыштаған сайын, қоғамда дінге деген бетбұрыс әлемдік деңгейде дамуда. Әрине, жаһандық құбылыстан Қазақ елі де жырақ қалмақ емес. Осы ретте қоғамда, әсіресе, ел болашағының ертеңі жастар арасында заман талабына сай дұрыс діни түсінікті қалыптастыра білу ең маңызды мәселелердің қатарында.

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Ал жастар болса қоғамның негізгі қозғаушы күші. Жастардың дінге деген көзқарасы, түсінігі тәрбиеден басталады. Дінге деген көзқарас әр кезеңде әр қоғамда сан алуан болып келген. Ал діни ұстанымдар негізінде қалыптасқан сенім жастардың қоршаған ортамен, басқа адамдармен санасы мен дүниетанымы бойынша қалыптасады.

Барлық тарихи кезеңдерде жастар қоғамның ең ұтқыр, оқуға, жаңалық енгізуге және реформаларға бейім бөлігі ретінде сипатталғанын бәріміз білеміз. Қазіргі таңда тек білімді, ой-санасы терең, ақыл-ойы дамыған және кәсіби дайындалған жастар ғана сапалық, серпінді және инновациялық дамудың маңызды шарты мен кепілі болатынын, еліміздің болашағын қамтамасыз ете алатынын ешкімге дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.

Осы ретте Отырар аудандық орталық кітапханасында ауыл жастары және кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Жастардың діни түсінігін дұрыс қалыптастыру» тақырыбында пікір алмасу жиыны өтті. Аталған іс-шараның өткізілу мақсаты қазіргі жасөспірімдерге діни ағымдар бойынша дұрыс түсінік беріп, экстремизм-терроризмнің қатыгездік жолдарын көрсету көзделген.

Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасының дінтанушы-теолог маманы Өтеген Бердуәлі Әбдужаппарұлы арнайы қатысып, ислам діні мен өзге діни ағымдар тұрғысында ақпарат берді.

«Қазіргі заман жастарына басты қауіп қатер деструктивті діни ағымдар тарапынан болуда. Себебі, діни ағымдар өз қатарына адамдарды, әсіресе жастарды баулап алу үшін, жастардың психологиялық, психикалық жай күйін бақылап, талдау жасау арқылы қолдарындағы бар мүмкіндікті пайдаланып, ғаламтор желісінде сапалы түрде ақпараттық материалдар жариялайды.

Қазір барлық адамзаттың ғаламтор желісін қолдануы заңдылық. Әсіресе, жастар үлкен буын өкілдеріне қарағанда ғаламтордың мүмкіндіктерін жетік меңгерген. Сондықтан, олардың осындай амалдар арқылы өзіне тартатын деструктивті ағымдардың әсеріне ұшырау қауіпі жоғары.

Сонымен қатар жастардың діни идентификацисының қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – діни дүниетанымның, сананың қалыптасуы болып табылады.

Діни экстремизм мен терроризмнің кеңінен таралуы осы жағдайдан пайда болып жатады. Олар өмірде әлеуметтік тұрғыда қандай жағдайға ұмтылу керектігін, сол бағдарламаланған мақсаттарды қандай тиімді жолмен іске асыру қажеттілігін, неге қуанып неден қашу керектігін шешеді. Тәжірибесіз жас діни ойындар мен соғыстардың «ойыншысы мен орындаушысына» қалай айналып кеткенін өзі де түсінбей, сезінбей қалады. Бүгінгі жас ұрпақ жастық шақ пен алтын уақытты дұрыс бағалап, білім алуға, кәсіптің белгілі бір саласын игеруге барынша күш жұмсауы қажет. Жастар заманауи техникалық байланыс құралдарының барлық түрін игеріп шығуы тиіс. Діни тұрғыдан алғанда әркімнің өз халқының дәстүрлерін біліп, сақтап, құрметтегені абзал»,- дейді Бердуәлі Әбдужаппарұлы.

Жиынға қатысушы жастар өздеріне түсініксіз, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ БАСТАЛДЫ

Next Post

Қазығұрт ауданында қосымша білім педагогтері тәжірибе алмасты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі