13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ БАСТАЛДЫ

12 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ ұйымдастыруымен «Turkistan Travel Fest» шарасы аясында Түркістан облысындағы ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін арнайы тур басталды. Турдың алғашқы күнінде Шолаққорған ауылынан келген балалар Кентау трансформатор зауыты, Ұлы Дала музейі мен «Farab» кітапханаларын аралайды. Экскурсия барысында оқушыларға өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі туралы ақпараттар берілуде.
Тур — оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесу, техникалық мамандықтарға басымдық беру, өнеркәсіптік кәсіпорындармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған. Балалармен бірге жергілікті БАҚ өкілдері қатысып жатыр.
Жоба аясында Түркістан облысындағы 5 ауыл, яғни Шолаққорған, Ораңғай, Шорнақ, Ынталы және Ынтымақ ауылдарынан жалпы саны 150 бала қатысады. Оқушыларға арналған экскурсия 13-17 қараша аралығында жалғасады.
Айта өтсек, 20 қарашада өңірлерде ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша І республикалық олимпиада басталады. Оған еліміздің шалғай аудандарынан 9-11 сынып оқушылары қатысады. Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау. Олимпиадаға қатысуға ниет білдерген оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында 15 қарашаға дейін тіркелуі тиіс«Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған. Олимпиадада академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға жеке электронды түрде ұсынылады. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде оқушылардың аты-жөні әділқазылар үшін жасырын болады. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланып отырады», — дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғ.Тұрсынов.

Интеллектуалды сайыс үш кезең бойынша өткізіледі: бірінші кезең (бастапқы) – қараша айында; екінші кезең (іріктеу) – желтоқсан айында; үшінші кезең (республикалық) – 2024 оқу жылының қаңтар айында.

Республикалық III кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қабылданады. Қорытындысында қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталады. I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы ақпан айында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне дайындау мақсатында өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылады.

Атап өтейік, олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 20 қараша күні еліміздің барлық ауыл мектептерінде бір мезгілде өткізіледі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІН ШЕШЕДІ

Next Post

Жастардың діни түсінігін дұрыс қалыптастыру маңызды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі