13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұрт ауданында қосымша білім педагогтері тәжірибе алмасты

12 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Қазығұрт ауданында қосымша білім педагогтері тәжірибе алмасты
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты П.Тәжібаева атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында қосымша білім беру педагогтеріне «Заманауи білім беру жүйесінде қосымша білім беру педагогының ролі» тақырыбында семинар өтті. Оған аудандағы 58 қосымша білім беру педагогтері қатысты.

Аудандық білім бөлімі әдіскері Ж.Анарбаеваның айтуынша, бұл басқосуда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыра отырып, олардың білімдерін тереңдету және заманауи білім беру жүйесінде балалардың белсенділігін арттыру көзделіпті.

— Мемлекет басшысы Түркістан қаласында өткен құрылтайда балалардың сапалы білім алып, олардың тұлға болып қалыптасуына елімізде бар жағдайдың жасалып отырғанын айтқан болатын. Сол талаптан шығу үшін біз балалардың сапалы білім алуымен қатар, рухани дамуын, дүниетанымы кең болуын да қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл бағытта Президент мектепте оқушылардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін дәрістер ұйымдастыруды тапсырды. Біздің де бүгінгі міндетіміз, көздегеніміз семинар барысында балалардың өзінің іс көрсетуіне, өзін-өзі дамытуына және тануына жағдай жасау. Балаларға қосымша білім беру қызметінің сапасын және нәтижелілігін бағалау критерийлерімен танысу. Біз осы семинарды өткізу барысында оған толық қол жеткіздік, — дейді ол.

Семинар барысында мұғалімдер Г.Отарбаева «Ерке-наз» үйірмесін, Г.Нұрымбетова «Табиғат құбылыстарының сырын білесің бе?» тақырыбында, Қ.Асилова мен М.Нұрақбай «Клуб весёлых ребятишек» тақырыптарында ақысыз үйірме сабақтарын өтіп, оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын тиімді ұйымдастыруда өз тәжірибелерін көрсетіп бөлісті. Семинар соңында іс тәжірибелерімен бөліскен педагогтерге пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Previous Post

Жастардың діни түсінігін дұрыс қалыптастыру маңызды

Next Post

Қазығұрт ауданында мектеп ауласына сәндік ағаштардың көшеті отырғызылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі