13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 240 АРНАЙЫ ПӘН КАБИНЕТІ ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

12 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 240 АРНАЙЫ ПӘН КАБИНЕТІ ЖАБДЫҚТАЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылы Түркістан облысы мектептеріне жаңадан 60 арнайы пән кабинеті жабдықталды. Атап айтқанда, физика-15, химия-15, биология-18, STEAM-12 алынды.
Ал, биыл 4 есеге артып, 240 пән кабинеттерін алуға 3,1 млрд теңге бөлінді. Нақтырақ айтсақ, физика-64, химия-48, биология-64, STEAM-64 кабинеті жаңармақ.
Биыл Түркістан облысында 51 621 оқушы 1-сыныпқа барады. Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 188 мыңға жуық бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Облыста салынып жатқан 33 мектептің бесеуі 1 қыркүйекте тапсырылса, жыл соңына дейін 14-і және 2024 жылы 14 мектеп пайдалануға беріледі.
Білім саласына қатысты мәселелер облыс әкімінің жігі бақылауында. Өңір басшысы облыстағы жалпы білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі мен жылу маусымына дайындығын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарынының уақытылы аяқталуын жіті қадағалауды жүктеді. Білім беру ошақтарының жаңа оқу жылына толық дайын болуын, барлық балабақша, мектепке автобус тасымалдауы жайында тапсырмалар берді.
Облыстағы мемлекеттік 1 мың білім беру мекемелері 100% дабыл батырмаларымен қамтылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс білім беру ұйымдары күзет фирмаларымен келісім-шартқа тұруда. Қажеттікке байланысты беру ұйымдарының қоршауы жаңартылуда. Ішкі әжетханасын ретке келтіруі тиіс 89 мектепте кәріз жүйесін ретке келтіруі жұмыстары жүргізіліп жатыр.28 мектептің жылу жүйесі газға өтті. Бұл жұмыстарға 70 мектепке бюджеттен 1 млрд. 665 млн. теңге қаржы қаралған. Білім беру мекемелерінің жылыту жүйелеріне гидравликалық сығымдаудан өткізіліп жатыр.Облыс бойынша 180 елді мекенде 15 225 бала мектепке тасымалданады. «Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 101 жаңа заманауи автобустар алынды. Олар 101 мектепке жеткізілді. Жаңа оқу жылында оқушылар тасымалы мемлекет теңгеріміндегі 120 және мердігер фирма меншігіндегі 68 автобуспен ұйымдастырылады.

Previous Post

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ ЛЕНГІРДЕГІ АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КАБИНЕТТЕРІН ЖАБДЫҚТАП БЕРДІ

Next Post

Түркістан облысы: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі