Түркістан облыстық терроризмге қарсы комитеті аппаратының тапсырмасы аясында аудан аумағында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, жастар арасында шет елдік теологиялық оқу орындарында діни білім алудың қауіптілігі мен зардаптарын кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиын өтті. Білім бөліміне қарасты №68 Т.Оспанов атындағы ЖОББМ, №15 Ш.Қалдаяқов атындағы ЖОББМ, №9 Майлықожа атындағы ЖОББМ, №35 Б.Ғафуров атындағы ЖОББМ, №8 Айни атындағы ЖОББМ базасында аудандық білім бөлімінің мамандары, жергілікті полиция өкілдері мен мешіт имамдарының қатысуымен жалпы білім беру ұйымдарындағы жоғары сынып оқушыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында ұйымдастырушылар оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу барысында білім беру мекемелерін қорғау бойынша бірқатар мәселелер қаралып, «Террористік сипаттағы білім және ғылым объектілері үшін өзекті қауіптер мен тұлғаларының объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттері», «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі» тақырыптары талқыланды.
Ұймдастырушылар білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне келесі шараларды іске асыруды тапсырды: — объектілерде керіге рұқсаттама орнату және оны қатаң сақтау және дайындалған қызметкерлердің күшімен күзету немесе күзет қызметі субъектілерімен шартқа отыру;
— келушілер мен көлік құралдарының объектілерге кіруінің белгіленген тәртібіне тұрақты бақылауды ұйымдастыру;
— инженерлік-техникалық жағынан, объектіге заңсыз кіруді анықтауға мүмкіндік беретін құралдармен жабдықтандыру;
— оқушылар арасында экстремизмнің профилактикасын жүргізу (құқықтық білімдерін нығайту, экстремизмге теріс эмоционалды қатынасты қалыптастыру);
— террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге ден қою алгоритмдерін әзірлеу;
— терроризм актісін жасау кезінде және одан кейін уәкілетті органдарды, қызметкерлерді, білім алушыларды уақтылы хабардар етуді, тиісті іс-әрекеттеріне қатысты ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
— объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздік паспортын уақытылы жасау және жаңарту.
Еске салсақ, 12 мамыр еліміздің барлық мектебінде терроризмге қарсы қауіпсіздік оқу-жаттығуы өткен болатын. Оған мемлекеттік және жекеменшік мектеп оқушылары, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысқан еді.
Оқу-жаттығу барысында «Білім беру объектілерінде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» аясында бекітілген алгоритмдер тәжірибе жүзінде пысықталды.
Іс-шара барысында мектеп ұжымына терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі алгоритм нұсқамасы беріліп, тиісті деңгейде орындалуы қадағаланды. Оқушыларға нұсқау беріліп, қызметкерлер мен білім алушыларды жедел эвакуациялау ұйымдастырылды. Техникалық құралдардың яғни, дабыл түймесі, турникет және бейнекамералардың жұмыс істеуі және дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі тексерілді.
Оқу-жаттығу жүргізудегі түпкі мақсат – техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан бөлек, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау.
Айта кетері, оқу-жаттығу тек профилактикалық мақсатты көздейді. Білім беру ұйымдарын терроризмнен қорғау, қауіптің алдын алу үшін мұндай жаттығулар тұрақты жүргізіледі.