13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

12 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен оқу жылында біздің облыс шәкірттері жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
Республикалық, халықаралық ғылыми жоба байқаулары мен пән олимпиадаларында оқушыларымыз 9 алтын, 18 күміс, 20 қола медаль иеленді.
Жалпы республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысында облыс оқушылары 13 алтын, 4 күміс, 8 қола медалға, жалпы командалық есепте үш жыл қатарынан 1-орыннан көрінді.
Соңғы үш жылда жас ұландарымыз республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиынында жүлделі бірінші, екінші, ал, «Жас құтқарушы» сайысында екі жыл қатарынан 1-орынды иеленді.
Айта кетсек, Білім саласына қатысты мәселелер облыс әкімінің жігі бақылауында. Өңір басшысы облыстағы жалпы білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі мен жылу маусымына дайындығын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарынының уақытылы аяқталуын жіті қадағалауды жүктеді. Білім беру ошақтарының жаңа оқу жылына толық дайын болуын, барлық балабақша, мектепке автобус тасымалдауы жайында тапсырмалар берді.

Облыстағы мемлекеттік 1 мың білім беру мекемелері 100% дабыл батырмаларымен қамтылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс білім беру ұйымдары күзет фирмаларымен келісім-шартқа тұруда. Қажеттікке байланысты беру ұйымдарының қоршауы жаңартылуда. Ішкі әжетханасын ретке келтіруі тиіс 89 мектепте кәріз жүйесін ретке келтіруі жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Балаларымыздың сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. білімді ұрпақ – біздің басты құндылғымыз. Сондықтан оқудың барлық кезеңінде балаларға қолайлы жағдай жасау – бізідң негізгі міндетіміз. Жаңа оқу жылына дайындық, мектепке тасымалдау, білім ұяларының жылыту маусымына дайындығы қатаң бақылауда», — деді облыс әкімі.

28 мектептің жылу жүйесі газға өтті. Бұл жұмыстарға 70 мектепке бюджеттен 1 млрд. 665 млн. теңге қаржы қаралған. Білім беру мекемелерінің жылыту жүйелеріне гидравликалық сығымдаудан өткізіліп жатыр. Осы және тағы басқа атқарылып жатқан жұмыстар бойынша облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев баяндама жасады.

«Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұған облыстық бюджеттен 6 млрд. 197 млн. теңге қаржы қаралған. Облыста жалпы 33 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 1 қыркүйекте 5 мектеп тапсырылса, жыл соңына дейін 14-і және 2024 жылы 14 мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар облыста 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мерзімінде аяқтамаған мердігер компанияларға заңнама талаптарына сәйкес шара көріледі. Соның бірі Сарыағаш ауданындағы, №16 Панфилов атындағы жалпы орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер «Шаңырақ-21» ЖШС-іне 200 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынды», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Облыс бойынша 180 елді мекенде 15 225 бала мектепке тасымалданады. «Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 101 жаңа заманауи автобустар алынды. Олар 101 мектепке жеткізілді. Жаңа оқу жылында оқушылар тасымалы мемлекет теңгеріміндегі 120 және мердігер фирма меншігіндегі 68 автобуспен ұйымдастырылады.

Previous Post

Түркістан облысы: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: АЛДАҒЫ 2 ЖЫЛДА 96 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі