13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ ЛЕНГІРДЕГІ АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КАБИНЕТТЕРІН ЖАБДЫҚТАП БЕРДІ

12 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ ЛЕНГІРДЕГІ АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КАБИНЕТТЕРІН ЖАБДЫҚТАП БЕРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданындағы тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған Ленгір көмекші мектеп-интернаты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған «Қазақстан халқына» қорының қолдауын сезінді. Осы қордан бөлінген 32 миллион 535 мың теңге қаржыға аталмыш мектеп-интернатқа интерактивті комплект алынып, информатика пәні кабинеті, логопедтердің кабинеттері және қыздардың тігін шеберханасы жаңадан жабдықталды.
— Мектеп-интернатымыздың 239 оқушысы және олардың ата-аналары, сондай-ақ әріптестер атынан «Қазақстан халқына» қорына шексіз алғысымды білдіремін. Бұл қордың қаржысына мектеп-интернатымыздың информатика пәні кабинетіне жиһаз, оқытудың техникалық құралдары, стенділер, қосымша жабдық алынды. Қордың есебінен мектеп-интернатымыздағы логопедтердің кабинеттері де жаңа жиһазбен, түрлі жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қыздардың тігін шеберханасына да жаңа жиһаз, тігін және өрнектеу машиналары, басқа да қажетті заттар алынды. Жаңартылған кабинеттерде сабақтар бұрынғыдан да қызықты өтуде, — дейді аталған мектеп-интернат директоры Абдуллаева Нағима Ералханқызы.
Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қорының «Болашақ инженерлер» бағдарламасы бойынша 1-6 сынып оқушылары бағдарламалау, құрастыру, мехатроника, электротехника және басқа да бағыттар бойынша білім алады. Жаңа инженерлік дағдылар оқушыларға түрлі мамандықтарды игеруге және болашақта сұранысқа ие маман болуға жәрдемдеседі. Еліміз бойынша барлығы 189 робототехника кабинеті ашылады. Алғашқы робототехника кабинетінің таныстырылымы Ақмола облысының Қоянды ауылының №2 мектебінде өтті. Мектеп бағдарламалық қамтамасыз етуді, конструкторларды, электрониканы қамтитын робототехниканы зерттеуге арналған заманауи бағдарламалық-аппараттық кешенмен толықты. Кабинетті жаңартуға 3,6 млн теңге бөлінді.Қайырымдылық бағдарламасы «Арман Инжиниринг» компаниясымен, Инженерлік білім беруді дамыту қорымен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
«Арман Инжиниринг» Ы.Алтынсарин академиясымен робототехника бойынша оқу-әдістемелік кешендер әзірлеп, бекітті. Кабинеттерге сатып алынған отандық жабдықтарға академия және республикалық оқу-әдістемелік орталығы тарапынан оң қорытынды берілді. Инженерлік білім беруді дамыту қоры республикалық оқу-әдістемелік орталық базасында ұстаздар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ МЕН 7 ӨНЕР МЕКТЕБІ САЛЫНАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 240 АРНАЙЫ ПӘН КАБИНЕТІ ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі