Оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2024-2027 жылдары халқы тығыз орналасқан аудан, қалалардан 2 Оқушылар сарайы мен 7 Өнер мектебі салынады.
Сонымен қатар, Түркістан, Арыс, Кентау және Леңгір қалаларында заманауи техникамен жабдықталған оқушыларды шығармашылыққа үйрететін «Fablab» шеберханалары ашылып, қызмет көрсетуде.
Түркістан қаласындағы Оқушылар Сарайында балалар үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және UNICEF-Қазақстанмен бірлескен UniSat білім беру хабының қатысуымен ғарыш әлемі орталығы ашылды.
Қазіргі таңда өңірде «1 000 мектеп» бағдарламасымен жалпы 7 500 орынды 24 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде биыл 11 білім ұясы пайдалануға берілмек. Қалған 13 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады.
Ал, 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық шеңберін іске асыру мақсатында облыста 49 000 орынды 63 мектептің құрылысы жүргізіледі. 2023 жылдың соңына дейін Түркістан облысында жалпы 20 мектепті (5 150 орын) пайдалануға берілу жоспарланған. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде Қ.Тоқаев мемлекеттік идеологияны қалыптастыруда халықтың кітап оқу дағдысын қалыптастыруды мектептерден бастап қолға алуды тапсырған болатын. Аталған тапсырманы орындау мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту» жөніндегі Жол картасы әзірленді. Осы ретте «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» ұлттық жобасын атап өткім келіп отыр.
Осы аталған ұлттық жоба аясында Түркістан облысының білім саласы оқушылар мен мұғалімдерді кітап оқуға ынталандыратын инновациялық кітапхана облыстық жобасы тұрақты жүргізіп келеді. Кітапхана жобасы – оқырманның кітап оқуға қызығушылығын арттыратын механизмін жасап шықты. Жобаға қатысушы мұғалімдер мен оқушылардың үлесі артып отыр. 2023 жылы жоба арнайы сайтқа тіркелу арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда сайтқа жалпы 2054 оқырман тіркелді, оның 397-сі педагогтер, 1657-сы оқушылар. Биылғы жылғы нәтижесі шығарылып топ жарған 8 ұстаз, 4 оқушы арнайы ноутбуктар мен велосипедтер сыйға тартылды. Жобаның тиімділігі мектептердегі кітапхана оқырмандарының саны жылдан жылға артып келеді. «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс бойынша 55 мектепте демеушілердің көмегімен «Коворкинг» орталығы ашылды. Көркем әдебиетке 378 млн 717 370 т бөлініп, сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалап, толықтыру мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акциясы ұйымдастырылып, қазіргі таңда 37 мыңға жуық көркем әдебиет жинақталды.