13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ҚАЛАМДАС ҚАРЛЫҒАШТАР» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

10 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ҚАЛАМДАС ҚАРЛЫҒАШТАР» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін университетімізде Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Қаламдас қарлығаштар» атты ерекше әдеби кеш өтті. Онда оқу ордамыздан түлеп ұшып, бүгінгі таңда журналистика саласынан орын ала білген, елімізге белгілі талантты түлектеріміз Үміт Зұлхарова, Айгүл Сейілова, Мариям Әбсаттар арнайы қонақ болып студент жастармен кездесу өткізді.
Әдеби кешке оқытушылар мен студент жастар және де қонақтарымыздың курстас құрбылары қатысты.
Шара барысында түлектеріміз өздерін таныстыра келе, студент шақтағы жылы естеліктерімен бөлісті. Осындай кездесулер арқылы жастардың, көкірегіне таудай талап пен алға жетелер үміт сыйлайтындықтарын айтты. Әлі күнге дейін ұстаздарына деген құрметтің ерекше екендігін, әрбір өсиет сөздерін биікте ұстайтындықтарын жеткізді.
Кеш тізгінін ұстаған Молдияр Ергөбек қонақтарға сұрақтар қойып тұщымды жауаптар алды.
Әдеби кеште университетіміздің журналистика мамандығында білім алып жүрген студент жастарымыз қонақтардың ерекше туындыларынан үзінділер оқып, көпшілік көңілін көтерді.
Айта кетейік Үміт Зұлхарова-сатирик жазушы, 1999 жылғы түлек. Ал Айгүл Сейілова-ақын, «Egemen Qazaqstan» газетінің белді журналисі, 2002 жылғы түлек. Мариям Әбсаттар-жазушы, «TURKISTAN» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы, 2004 жылғы түлек. Университеміздің қаламдас талантты түлектерінің бүгінгі таңда кітаптары мен төл туындылары қазақ жұртына таныс.
Университет түлегі ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxаттың келісімімен, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен меритократия қағидатына сәйкес, Сауран ауданының әкімі болып Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы тағайындалды.
Мақсат Таңғатаров 1981 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. «Экономика» және «құқықтану» мамандықтарын бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Түркістан қалалық білім бөлімінде есепші болып бастаған. 2012-2017 жылдары Түркістан қалалық әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы болған. 2017-2019 жылдары Түркістан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2019-2021 жылдар аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің туризм бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде басшылық қызметтерді атқарған. 2021-2023 жылдары Түркістан қалалық Мәслихатының хатшысы болған.
2023 жылдың шілде айынан бастап Сауран ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Previous Post

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНА – 30 ЖЫЛ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚОС БІРДЕЙ СТУДЕНТІМІЗ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ СТИПЕНДИАТЫ АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі