13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНА – 30 ЖЫЛ

10 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНА – 30 ЖЫЛ
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

1993 жылы 5 қарашада тәуелсіздік тарихымызда іске асқан ең үздік жобалардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы бастау алған болатын. Биыл халықаралық стипендиялық бағдарлама өзінің мерейтойлық 30 жылын атап өтіп жатыр.
Әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді көздейтін бағдарлама елімізде бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауда көш бастап тұр. Степендия иегерлері шетелдік тәжірибені Отанымызға алып келіп, Қазақстанның орнықты дамуына және түрлі салаларда әлеуетінің артуына үлкен үлес қосып келеді.
Жыл сайын «Болашақ» бағдарламасының стратегиясы жоғары білім және ғылым саласындағы жаңа жоспарларға сай өзгеріп тұрады. Мысалы, былтыр бағдарлама бойынша оқуға барлығы 1055 стипендия бөлінген екен. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура, тағылымдама бағдарламалары бойынша 7 санат бойынша үлестірілді. Бұған қоса, «Ғалымдар» тағылымдамалар санатына 500 стипендия бөлінді.
Аталған степендия иегерлері қатарында біздің әріптестеріміз де бар екенін атап өтейік. Ғалымдарымыз Еуропа мен АҚШ-қа барып, тағылымдамадан өтті. Қазіргі таңда көрген-түйген білімдерімен өзге де әріптеріне арнайы дәріс оқып жүр. Қазақстанның болашағына сіңіріп жатқан бұл еңбектері еш кетпейді деп сенеміз.
Барлық «Болашақ» бағдарламасының түлектерін мерейтоймен құттықтай отырып, жұмыстарыңызға табыс пен сәттілік тілейміз! Ел игелігі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын! Абырой-беделдеріңіз арта берсін!Алғашқы стипендиаттардың бірі, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Горбуновтың айтуынша, шетелде алған білімі мен тәжірибесі оған Қазақстанда неонаталдық кардиохирургияны табысты енгізуге және дамытуға мүмкіндік берді. Онымен бірге Кардиохирургиялық орталықта «Болашақ» бағдарламасының 10-ға жуық түлегі жұмыс істейді. Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азиядағы жаңа туған нәрестелерге жүрекке операция жасайтын жалғыз ел болып табылады.1993 жылғы 5 қарашада құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы егемен Қазақстанның маңызды стратегиялық жобаларының біріне айналды. Оның құрылуы барлық салаларда білікті басқарушыларды қалыптастыру арқылы республиканы жаңғыртудың жаңа кезеңінің негізі болды. Бағдарлама құрылған сәттен бастап түлектердің жалпы саны 12 мыңнан астам адамды құрады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ҚАЛАМДАС ҚАРЛЫҒАШТАР» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі