«Ғалам сенің қолыңда» оқушылардың ІІ Республикалық астрономиялық олимпиадасынан облысымыздың дарынды оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
2023 жылдың 5-8 қараша аралығында Ақтөбе қаласында Мелекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын «Ақтөбе облыстық планетарийнің» ұйымдастыруымен «Ғалам сенің қолыңда» оқушылардың ІІ Республикалық астрономиялық олимпиадасы өтті.
Олимпиада мақсаты – оқушылардың астрономия және ғарыштық зерттеулермен байланысты ғылым салаларына деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау, астрономиялық үйірмелердің жұмысын жандандыру.
Олимпиадаға Қазақстанның білім беру саласынан 14 командадан, 56 оқушы қатысты. Нәтижесінде ІІ орын, күміс медаль иегері
1. Наметулла Ахметжан – Түркістан облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы.
ІІІ орын, қола медаль иегері
2. Пернебек Мейірман – Түркістан облысы білім басқармасының «Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының» оқушысы.
Жеңімпаз оқушыларымыз бен дайындаған жетекші ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!Әлемдік білім беру жүйесінің көшінен қалмай, дамудың басым бағыттарын негізге ала отырып, өркениетке аяқ басу білім беру мазмұнына жаңа талаптарды алға тартуда. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңарулар, ең алдымен, жастардың мәдени, эмоционалдық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуда. Қазақстанның болашағы – білімді жастардың қолында. Сондықтан да, білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына бүгінгі таңда үлкен талап қойылып отыр. Өткен ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Шебер мұғалімнің оқытудағы міндеті – оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Мұғалім өз пәніне тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екеніне көз жеткізіп, саралай келе әр сабақта әр әдісті қолдану керек.
Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екені мәлім. Ең алғаш әріп танып, оқуға, санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құштарлықты бастауыштан бастаймыз.