13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚОС БІРДЕЙ СТУДЕНТІМІЗ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ СТИПЕНДИАТЫ АТАНДЫ

10 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚОС БІРДЕЙ СТУДЕНТІМІЗ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ СТИПЕНДИАТЫ АТАНДЫ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақы республикалық байқауы өз мәресіне жетті. 2023 жылдың 5 маусымы мен 8 қыркүйегі аралығында өткен білім додасына 299 білімгер қатысып, 80 дарынды жас Қордың стипендиялық бағдарламасының жүлдегері атанды.
Оның ішінде оқу ордамыздың қос бірдей студенті арнайы шәкіртақыға ие болып, топ ішінен жеңімпаздар қатарынан көрінді. Олар, Жалпы медицина факультетінің 3-курс студенті Қарақат Оңдасын және Жаратылыстану факультетінің 3-курс студенті Оқида Таймуратова.
Дарынды білімгерлеріміз үздік және белсенді студент. Университет қабырғасында жүріп, түрлі республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, қоғамдық шаралармен қатар сабақ үлгерімі бойынша да алдыңғы шепте.
Байқаудың мақсаты белсенді дарынды жастарды анықтау және қазақстандық студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық пайдалы қызметін ынталандыру.
2010 жылдан бері өткізіліп отыратын байқауда 80 жеңімпаз бір оқу жылы ішінде ай сайын 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады. Биыл желтоқсан айында Алматы қаласында шәкіртақы сертификаттарын тапсыру және еліміздің үздік студенттерін құттықтау салтанатты рәсімі өтеді.
Біз, жеңімпаз студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Білім бәсекесінде алар асуларыңыз көп болсын!Айта кетейік, байқау 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 879 студент стипендиат атанды. Жаңа оқу жылында бұл көрсеткіш 959 адамға дейін өсіп, 80 дарынды жас Қордың стипендиялық бағдарламасының жүлдегері атанды.

Биылғы байқауға барлығы 299 студент қатысты. Оның ішінде «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша 124 адам және «Ғылым» бағыты бойынша 175 үміткер. Қатысушылар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен сынды түрлі қаладан келген.

80 жеңімпаз бір оқу жылы ішінде ай сайын 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ҚАЛАМДАС ҚАРЛЫҒАШТАР» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

Next Post

Түлкібас: Балабақша педагогтерімен оқыту семинары өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі