13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұрт ауданында оқушылар арасында өткен байқау жеңімпаздары облыстық кезеңге жолдама алды

10 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Қазығұрт ауданында оқушылар арасында өткен байқау жеңімпаздары облыстық кезеңге жолдама алды
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданындағы К. Қарсыбаев атындағы жекеменшік мектебінің базасында «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті. Оған аудандағы білім ордаларынан 8-11-сыныпта оқитын 91 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Олар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жырларын мәнеріне келтіре орындады.
Байқау «Махамбет күйлерін орындау», «Махамбет шығармаларын жаттау», «Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу», «Өз шығармашылығы» және «Хандар мен ел билеушілер, батырлар тақырыптарын қорғау» атты 5 номинация бойынша ұйымдастырылды.
Аудандық байқауда «Махамбет күйлерін орынду» номинациясын Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұралы Әлібек жеңіп алып, бас жүлдені қанжығалады. Ал Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жантөре Бегімбетов ақынның өлеңдерін жатқа оқуда көзге түсіп, бас жүлдені иеленді.
Ақын шығармалары бойынша иллюстрациялық сурет салуда Ащыбұлақ жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Балсезім Керімкулованың бағы жанды. Ол салған жоғары жүлдеге лайық деп танылып, оның жұмысына бас жүлде берілді..
Өз шығармашылығы номинациясында Жаңатірлік жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Аян Қуаныш бас жүлдені дарындылығымен иеленді. «Хандар мен ел билеушілер, батырлар тақырыптарын қорғау» номинациясы бойынша Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұрила Әбдіқаппар бас жүлдені иеленді. Сөйтіп жоғарыда талалған облыстық байқауға жолдама алды.
Айта кетсек, 2023 жылдың 9 қараша күні Түркістан қаласы, Н.Төреқұлов атындағы №8 мектеп-гимназиясының базасында Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтуде.
Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Байқауға Түркістан облысының аудандық, қалалық білім бөлімдерінен және 4 мамандандырылған білім бөлімдерінен жалпы саны 91 оқушы қатысуда.

Previous Post

БӘЙДІБЕКТІК ҰСТАЗ КӘСІПКЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСЫП ҚОСЫМША ТАБЫС ТАУЫП ОТЫР

Next Post

САРЫАҒАШ: АУДАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі