13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БӘЙДІБЕКТІК ҰСТАЗ КӘСІПКЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСЫП ҚОСЫМША ТАБЫС ТАУЫП ОТЫР

10 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
БӘЙДІБЕКТІК ҰСТАЗ КӘСІПКЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСЫП ҚОСЫМША ТАБЫС ТАУЫП ОТЫР
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде ауданымызда қыз-келіншектер арасында қолдан бұйымдар жасау ісі артып келеді. Солардың бірі Бәйдібек ауданы, Кеңестөбе ауылының тұрғыны Мөлдір Торланбаева. Мөлдір Сейітқұлқызының негізгі жұмысы Кеңестөбе ауылындағы Қ.Сыпатаев атындағы мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі. Жұмыстан тыс уақытта қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысады.
— Тұрмыс құрған ауылымдағы мектепте еңбек пәнінің ұтазымын. Бұл пәнде қандай сабақ өтілетіні сұрамаса да белгілі. Қолымнан түрлі бұйымдар жасау ісі келетіндіктен ұстаздықтан бөлек гүлдермен көмкерілген бөлме шамдарын жасауды қолға алдым. Қыр-сырын меңгеру мақсатында ғаламтордан ізденіп, арнайы сабағын оқыдым. Еңбектенгеннің нәтижесінде тез үйрініп, осындай әдемі бөлме шамдарын жасаумен айналысып келе жатқаныма бір жылға жуық уақыт болды. Осы уақытқа дейін 100-ден аса гүлдермен көмкерілген бөлме шамдарын жасадым. Гүлдерден бөлек қабырға суреті және құстар бейнеленген шамдар жасаймын. Мектептегі мұғалімдік жұмысыма кедергі болмау үшін тапсырысты бос уақытымда орындап, бір айда 20-25 бөлме шамдарын жасаудамын. Күн санап сұраныс артуда. Гүлдердің материалын тапсырыспен Ресей мемлекетінен алдырамын. Изалон материалы өте төзімді, жууға ыңғайлы ,түсін бермейді. Жалпы адам жақсы өмір сүру үшін жан-жақты, ізденісте болып, еңбек ету керек. Еңбектің наны тәтті, Еңбектенсең ғана болашағың жарқын болады дейді, — Мөлдір Торланбаева.
Жасаған бұйымдарымен облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орыннан көрініп жүрген Мөлдірдің шәкірттері де облыстық байқауға қатысып, «Алтын қазына» балалар шығармашылығанда гүл композициясын құрастыру бағытында жоғары деңгейде қорғап 1 орын иеленген. Қ.Сыпатаев атындағы мектепте «Қыз еркем ісімен көркем» үйірме тобында шәкірттер тәрбиелеуде екен. Мектептен бөлек ғаламтор арқылы гүлдермен көмкерілген бөлме шамдарын жасауды үйренемін деушілерге сабақ береді.

Previous Post

«Инновациялық менеджмент: Трендтер мен перспективалар» онкүндігі басталды

Next Post

Қазығұрт ауданында оқушылар арасында өткен байқау жеңімпаздары облыстық кезеңге жолдама алды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі