Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп 2023-24 оқу жылында кітапханамызға жаңа кітаптар келіп түсті. Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен мектебімізде «Жаңа кітаптар әлемінде» тақырыбында жаңадан келген көркем әдебиеттерге кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесін ұйымдастырудың басты мақсаты — оқырманға жаңадан келіп түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, таныстыру.
Көрмеге ертегілер, энцеклопедия, қазақ классиктерінің шығармаларымен қатар, әлем әдебиетінің танымал туындылары да қойылып, таныстырылды.
Окырмандар қызықты көптеген деректер, мәліметтермен таныса алды. Рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы — кітапхана.
Кітапхана — кітаппен сырласатын касиетті де, қастерлі орын.Оқу – өскелең ұрпақтың білімін, тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды факторы. Ал балалардың көпшілігі алғашқы кітаппен мектеп қабырғасының кітапханасында танысады.
Мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі мектеп кітапханаларының қорында 200 миллионнан астам кітап бар. Оның 38 миллионы — көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдар. Дегенмен олардың 20-30 пайызы жарамсыз екен. Яғни кеңес дәуіріндегі идеологиялық сипаттағы кітаптар. Сол себепті мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен толықтыру мәселесі өзекті болып отыр.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайтынын айтқан еді.
«Тағы бір маңызды міндет — мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалау және толықтыру. Қазір бұл кітапханалардың қоры ескірген әрі жұтаң. Әсіресе, көркем туындылар мен тартымды әдебиеттер тапшы. Қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер өте аз немесе мүлдем жоқ», — деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президентінің атап өтуінше, оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді.
Осы секілді олқылықтардың орнын жою үшін елімізде 2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдарының кітапханаларын дамыту жөніндегі жол картасы әзірленген. Жобаға сәйкес үш жылдың ішінде мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасы жаңартылмақ. Жол картасының негізіндегі нәтижелер 2021-2025 оқу жылдарына арналып отыр. Бес жылдың ішінде мектеп кітапханалары түгелдей көркем әдебиеттермен қамтылмақ. Екіншіден, мектеп кітапханашыларының әлеуетін көтеру мәселесі қолға алынып, 2025 жылға қарай тиісті нәтиже болмақ. Өйткені олардың біліктілігін көтерумен қатар, жоғары оқу орындарында педагог-кітапханашы деген мамандықты енгізген кезде, 2025 жылы түлектердің педагог-кітапханашы мамандығын иеленіп келетіндігі жоспарланған.