2023 жылдың 8 қараша күні Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Абуова, бөлімнің бас маманы Б.Қилыбаев және әдістемелік кабинетінің әдіскері Р.Кункибаева Дауан жалпы білім беретін мектебі және Б.Садықов атындағы жалпы білім беретін мектептеріне барып, мектеп оқушыларын PISA халықаралық зерттеуіне дайындау және 4 және 9 сынып оқушыларын ББЖМ-не ( Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі ) дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, әдістемелік көмек көрсетті.
Жұмыс барысында 2023-2024 оқу жылында 21 білім беру ұйымы ББЖМ-ге түскенін және 6 білім беру ұйымдары желтоқсан айында PISA халықаралық зерттеуін тапсыратыны туралы, оған дайындық жұмыстары өз деңгейінде жүру керектігін, Мектепішілік жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат уақтылы өткізілуі тиіс екендігі туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, пән мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алынған тесттердің нәтижелерін дер кезінде талдап, кемшіліктермен жұмыс жасау , АКТ бойынша анықталған проблемалармен жұмысты сапалы жасау керектігі туралы жан-жақты айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Орта білім беру ұйымдары оқушыларының білім сапасын ББЖМ сәйкестігін бағалауда, білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауда және білім беру процесін үздіксіз дамытудағы келелі жұмыстарға тоқталып, ББЖМ тест тапсырмаларын орындау тиімділігіне талдау жүргізілді.
Оқу-тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында ұйымдастырылған әдістемелік семинардың келесі күндері тәжірибелік жұмыстармен ұштасты. Семинар барысында жаратылыстану сауаттылығы цифрлық технологиялар және онлайн қызметтерді білім беру процесінде тиімді қолдану жолдары қарастырылды.