2023 жылдың 10 қараша күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты «Мерей» бөбекжай-бақшасының логопед маманы Толеш Баян «Педагогикалық идеялар понарамасы» «Ерте сауаттылық» бағыты бойынша байқауда І орынды иеленіп, Республикаға жолдама алды.
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту кезеңдері».
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытуда ойын түріндегі тапсырмалар мен әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, баланың ірі және ұсақ қол моторикасын дамыту, ойлауын, есте сақтауын, қиялын дамыту, зейінін тұрақтандыру, сонымен қатар, АКТ- ны қолдана отырып, суреттерге қарап сөйлем құрау, шағын әңгімені мазмұндай білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: жалпы танымдық қабілеттері яғни есте сақтауы,ойлауы,қиялы,сөйлеуі дамиды. Зейіні тұрақталады. Жолақшалармен жүру арқылы ірі моторикасын дамиды,кеңістікті бағдарлай біледі.Нейрогимнастикалық жаттығулар арқылы ұсақ қол моторикасы дамиды. Графамоторика арқылы ирек, түзу,қисық сызықтарды сызуға дағдыланады.«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер байқауының өңірлік кезеңі аяқталды. Оған 1000-нан астам педагог қатысты, олардың 172-сі республикалық кезеңге өтті.
Бірінші кезеңге қатысу үшін педагогтер өз идеяларын: бейнероликтер, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс, цифрлық білім беру ресурсы немесе бейне подкаст түрінде рәсімдеді. Жұмысты жалғыз немесе командада дайындауға рұқсат етілді.
«Біздің педагогтер уақытпен қатар жүріп, лайықты жұмыстар көрсетіп жатқаны қуантады. Байқау басталғаннан бері 1000-нан астам өтінім келіп түсті. Осыдан кейін сарапшы қазылар алқасы үздік жұмыстарды іріктеп алып, орындар бөлетін болады. Биылғы «Педагогикалық идеялар панорамасының» ерекшелігі байқау бағыттары болды. Бейнесюжеттер алғаш рет пәндер немесе әдістер бойынша емес, функционалдық сауаттылық түрлері бойынша жасалды. Барлығы 12: ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу), оқу сауаттылығы, Математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық (медициналық сауаттылық), әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық, мәдениетаралық сауаттылық және азаматтық-құқықтық сауаттылық», — «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов тілге тиек етті.
Айта кетейік, конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы желтоқсан айында шығарылады. Жүлдегерлерге 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар қарастырылған. YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал үшін әр бағыт бойынша ынталандыру сертификаты қарастырылған. Республикалық кезеңге іріктеуден өтпеген өңірлік кезеңге қатысушыларға қатысушылардың сертификаттары берілетін болады.