13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 12 ЖАСАР НҰРМҰХАММЕД ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

10 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: 12 ЖАСАР НҰРМҰХАММЕД ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда «Шахмат керуені» жобасының жеңімпазы анықталды. Ол — 12 жастағы алматылық Нұрмұхаммед Қабиназар. Еліміздің болашақ мақтанышы бүгінгі жарыста үздік танылып 5 млн теңге сыйақыға қол жеткізді!
Ал астаналық Борис Черкасов екінші орынды иеленіп, 2,5 млн теңгені қанжығалады. Үшінші сатыға тұрақтаған павлодарлық 12 жасар Ахмет Сүлеймен 1 млн теңгені еншіледі. Сонымен қатар 4-орын алған шымкенттік Мұхтар Айнақұл 500 мың теңге, 5-орын алған қарағандылық Мадияр Алтынбекұлы 300 мың теңге, 6-орын алған астаналық Әнуар Тоқбаев 150 мың теңге сыйақыға ие болды.
Айта кетейік, шахматтың гранд финалына еліміздің 18 аймағынан 60 ойыншы қатысқан болатын.
Қосымша ақпарат, Түлкібас ауданында балалар спортын дамытуға қойылған талап жоғары. Олардың спортпен шүғылдануы үшін барлық жағдай жасалған. Түлкібас ауданы білім бөлілімінің дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерінің әдіскері Ж.Абиловтың айтуынша, Түлкібас ауданында 53 спорт зал, 150 спорт алаң, 25 гимнастикалық қалашық жұмыс істейді. Мектептерде спорттың 12 түрінен 11700 оқушы үйірме жұмыстарына қатысуда.
— Ауданда дене шынықтыру пәні бойынша 257 мұғалім қызмет атқарады. Осы оқу жылы Қазақстан Республикасының құрылғанына 32 жылдығына орай, «Ұлттық мектеп лигасы аясында» мектеп оқушылары арасында спорттың 11 түрінен аудандық жарыс жоспарланып, өткізілуде. Лиганың мақсаты -оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, білім алушылар арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және дарынды балаларды анықтау болып табылады, — дейді ол.

Оның айтуынша, өткен оқу жылының қорытындысымен Түлкібас ауданының мектеп оқушылары Түркістан облысы бойынша алдыңғы қатарда болса, Республикалық жарыста М.Әуезов атындағы орта мектептің 5-6-сынып оқушылары жеңіл атлетикалық кросстан 1орынды, С.Бреусов атындағы мектептің 9-11-сынып оқушылары 3 орынды, столдағы теннистен Абай атындағы мектеп-лицейдің 7-8-сынып оқушылары 2 орынды, бес асықтан Ғ. Мұратбаев атындағы мектептің 7-8-сынып оқушылары 3-орынды, 9-11 сынып оқушылары 3 орынды жеңіп алды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ КІТАПХАНАДА ҮЗДІК ОҚЫРМАН АТАНҒАН ОҚУШЫҒА ВЕЛОСИПЕД БЕРІЛЕДІ

Next Post

ТҮЛКІБАС: "ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПОНАРАМАСЫ" БАЙҚАУЫНАН РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі