13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ КІТАПХАНАДА ҮЗДІК ОҚЫРМАН АТАНҒАН ОҚУШЫҒА ВЕЛОСИПЕД БЕРІЛЕДІ

10 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ КІТАПХАНАДА ҮЗДІК ОҚЫРМАН АТАНҒАН ОҚУШЫҒА ВЕЛОСИПЕД БЕРІЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Келес ауданындағы Б.Момышұлы атындағы №59 жалпы орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» жобасы жүзеге асуда. Алдағы уақытта үздік оқырман оқушыларға спорттық велосипед, планшет және тағы басқа құнды сыйлықтар беріледі. Жобаға жеке кәсіпкерлер – Бекшораев Марат, Құтымов Марат, Ахметов Сапархан сынды ел ағалары демеушілік жасауда. Мектеп директоры Убайдулла Ералиевтің айтуынша, игі жобаға жастар арасында қызығушылар артып келеді екен.
– Мектебімізде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын терең зерттеуге және жас ұрпақтың бойына кітапсүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында мұндай акция алғаш рет ұйымдасытырылып отыр. Кітап – терең ойлауды үйретіп, есте сақтау қабілетімізді жақсартып, ақыл-ойымызды еркін жеткізуге жаттықтырады. Балалар велосипедті көріп кітап оқуға деген қызығушылығы арта түседі деген сенімдемін,– дейді мектеп басшысы.
Айта кету керек, мұндай акция бұған дейін Келес ауданындағы тағы бір мектепте ұйымдастырылған еді. Жастарды кітап оқуға баулуда осындай жобалардың рөлі орасан зор. Қазіргі таңда аталған білім ордасында 400-ден аса оқушы тәлім алады.
Айта кетсек, Түркістан облысында «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» республикалық жобасы табысты іске асып келеді. Былтыр Түркістан облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры өзара меморандумға уағдаласқан болатын. Меморандум негізінде облыстағы 50 мектепке «Jas Leader» факультативті курсы оқытылды. Аталмыш жоба оқушылардың, кітапханашылардың жəне ата-аналардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, сондай-ақ, оқу мəдениетінің деңгейін арттыруға жəне оқуды насихаттауға бағытталған.

Әкімдік тапсырмасымен асып жатқан «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Облыстық білім беруді дамыту орталығының инновациялық «KitapХАН@» кітап оқу жарыс жобасына Болат Өтемұратов қоры қолдау көрсетті. Балалар жылында өтіп жатқан кітап оқу жарысының жеңімпаздарына «Steppe World» баспасының «Хәрри Поттер» және тағы басқа көркем әдебиеттері ұсынылуда. Аталмыш жобаға облыстағы білім беру ұйымдарының педагогтері, колледж студенттері мен 5-10 сынып оқушылары қызыға қатысып келеді.Жоба аясында көркем әдебиеттер тізімі 4 бағыт бойынша жүзеге асыру көзделген.

Previous Post

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ: «ӘСЕТ ӘССАНДИ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ» МАРАПАТТАУ КЕШІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: 12 ЖАСАР НҰРМҰХАММЕД ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі