13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ: «ӘСЕТ ӘССАНДИ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ» МАРАПАТТАУ КЕШІ

10 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ОРДАБАСЫ АУДАНЫ: «ӘСЕТ ӘССАНДИ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ» МАРАПАТТАУ КЕШІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Кеңес Одағының Батыры Бейсен Оңтаев атындағы жалпы орта мектебінің үздік оқушыларын анықтау мақсатында 2022 – 2023 оқу жылынан бастап «Әсет Әссанди олимпиадасы» ұйымдастырылып келеді. Оның жеңімпаздарын мектеп директоры Касиет Абилдабекова құрған ұстаздар комиссиясы анықтап, нәтижесі бойынша жеңіс тұғырынан көрінген оқушылар Әсет Әссәндидің стипендиясының иегері болады. Тоқсан сайын төленетін стипендияның мөлшері – 250 мың теңге.
2023-2024 оқу жылының l тоқсанының қорытындысы бойынша 5-9 сыныптар аралығында 72 оқушы үздік болып , олимпидаға қатысты.
Олимпиада 31.10.23 жылы күні өткізілді. Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты Кеңес Одағының батыры Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің ең алғашқы түлегі, тұңғыш «Алтын медаль» иегері Әсет Әссандидің былтырғы оқу жылынан бастап, үздіктердің ішінен үздіктерді анықтайтын дәстүрлі түрде тоқсан сайын өткізілетін «Әсет Әссанди олимпиадасының» марапаттау кеші өтті. Аталған салтанатты кешке аудан, облыс көлеміне танымал қадірменді қонақтар мен Әсет ағаның ұстазы да арнайы келді.
Әсет Әссанди, өзінің туған өлкесінен, өзінің түлеп ұшқан мектебінен келешекке нық қадам басып, алға қарай ілгері жылжу үшін құлшынысы мол, білімді, дарынды шәкірттердің көптеп шығуына бағыт-бағдар беріп, жол көрсетіп келеді. Сол үшін, әр тоқсан сайын 5-9 сыныптардағы үздіктер арасында әр буынға 3 орыннан анықтап, нәтижесі бойырша іріктелген 15 оқушыға өз отбасы атынан марапаттау мен стипендиялар тағайындады.
Кеш барысында Әсет Әссанди сынып жетекшілері мен тексеру комиссиясына алғысын білдіріп, арнайы дипломдармен марапаттады. Шәкірттер мен ата-аналарының және сынып жетекшілерінің қуанышында шек болмады. Әсет Әссандидің бұл игі ісі-келешек ұрпаққа үлгі-өнеге!
Ер ісін жалғастырар, елім деген ұрпағымыз көп болсын!Бұл олимпиада балаларымыздың ынта-жігерін арттырып қана қоймай, ата-аналарының да құлшынысын біршама көтеретін игі іс-шара!
Осындай елім деп, туған жерім деп жүрегі соғатын азаматымыздың артынан еретін ұрпақ , осы аталмыш олимпаданың иегерлерінің ішінен шығарына кәміл сенеміз!

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРУДЕ

Next Post

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ КІТАПХАНАДА ҮЗДІК ОҚЫРМАН АТАНҒАН ОҚУШЫҒА ВЕЛОСИПЕД БЕРІЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі