13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұстаздар «Оң қол» әңгімесін талқылады

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Ұстаздар «Оң қол» әңгімесін талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай Ауданы Білім Бөліміне қарасты Мәншүк Мәметова атындағы №33 жалпы білім беретін мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жұмыстар атқарылу үстінде.

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлының шығармаларын оқуға ұсынылғаны бәріңізге аян. Мектептің кітапхана меңгерушісі Телбаева Айгүл ұстаздар арасында ұжымдық оқу сағатын ұйымдастырып, қаламы ұшқыр қаламгер Төлен Әбдікұлының шығармаларының бірі, тәрбиелік мәні бар «Оң қол» әңгімесіне талқылау, насихаттау жұмыстарын жүргізді. Ұжымдық оқу сағатына қатысқан ұстаздарға кітапханаға келіп, кітап оқудағы жаңаша келбет, жаңаша серпін қалыптастырды.

Осы тұлғаның шығармасынан кейін ұстаздар қауымы жаман ой, жаман әрекетпен аяқталуға тиісті, ал жақсы ой — жақсылыққа апарады….. демекші үлкен жауапкершілік осы ой-сана арқылы басталатынын айтып, ой бөлісті. Сондықтан, жақсылық атаулымен қатар жүретін жаман іс-әрекеттердің негізгі бастамасы, түп-тамыры «ой» болса, ал соны шын мәнінде жүзеге асыратын «қолда» жатыр. Міне, бұл автордың айтпақ болған идеясы осы еді. Оқу сағатына қатысқан әр мұғалім, тақырыптың мазмұнын ашып, өздерінің жеке осы әңгіме туралы ойларымен бөлісе білді. Қорыта келе, мектепте әр ай сайын мұғалімдер арасында тағылымы мол, тәрбиелік мәні бар кітаптарды оқу арқылы оқу сағатын өткізіп отыру қолға алынды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енген. «Оқуға құштар мектеп» жобасының мақсаты: өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығы мен оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру,балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сонымен қатар жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру.

Previous Post

Қазығұрт ауданында ағылшын тілі пәндерінің аудандық семинары өтті

Next Post

СОЗАҚТЫҚ ҰСТАЗ ОБЛЫСТЫҚ ТЕРМЕ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі