13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұрт ауданында ағылшын тілі пәндерінің аудандық семинары өтті

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Қазығұрт ауданында ағылшын тілі пәндерінің аудандық семинары өтті
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты білім ошақтарында шет тілі пәндерін оқыту бойынша бірнеше мектепте әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлсара Құралбаеваның айтуынша, ол семинарлардың мақсаты – жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі пәні сабағында инновациялық әдіс-тәсілдері тиімді қолдана білу шеберлігін арттыру.

Осындай аудандық әдістемелік семинардың бірі Еңбекші жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Бүгінгі жас маман – ертеңгі білікті ұстаз» атты тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында өтті.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлсара Құралбаеваның айтуынша, ол семинарда жас мамандар кәсіби құзіреттіліктерін көтеруде және оқыту барысында қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруде тәжірибе алмасқан. Семинар барысында «Мектептегі мұғалім көсбасшылығы – жас ұрпақ болашағының негізін қалайды» атты тақырып аясында мектеп мұғалімдері С.Мырзатаева, Ж.Қосалиева және Д.Зиятова, «The use of information technology in the independent study of a foreign language by students» М.Ибраев, «Earth and our planet on it.Word formation-ing/ed Adjectives» Н.Саткулова баяндама жасады. Ал «Ағылшын тілі сабағында сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін тиімді қолдану» Г.Тастанбекова, «Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерінің тиімділігі» тақырыбында Д.Тазабекова ашық сабақ берді.

Сондай-ақ осындай аудандық әдістемелік семинара аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлсара Құралбаеваның бастамасымен Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Сабақты зерттеуде ағылшын тілі сабағында мұғалімдердің қолданған әдістері мен тәсілдерінің тиімділігі» атты тақырыпта ағылшын тілі және өзбек тілі пәндері бойынша да ұйымдастырылған болатын.

Оның айтуынша, бұл семинардың мақсаты ағылшын тілі сабағында жаңа технология әдіс-тәсілдерін пайдалану барысында білім алушылардың тілге деген қызығушылық қабілеті мен функционалдық сауаттылығын арттыру. Семинар барысында ағылшын тілінің бірлестік жетекшісі З.Тажикулованың іс тәжірибесі аудан көлемінде таратылды. Ал ағылшын тілі пән мұғалімдері Ж.Дауеева «Our World. Check point», М.Мергенбаев «Daily life. Shopping», Ф.Кадирова «Dragons and creatures», Г.Халматова «Natural Disaster», Х.Кардашева «Present Simple», У.Пратова «National games» атты тақырыптарында ашық сабақ берді.

Осындай ашық сабақтарды өзбек тілі пән мұғалімдері де өтті. Семинар соңы мектеп оқушыларының дайындаған «Welcome to English party!» атты тақырыптағы концерттік бағдарламаға ұласты. «Семинар өз дәрежесінде өтілді, сабақ соңында кері байланыс жасалып, әріптестерге ризашылық білдірді» дейді білім бөлімінің әдіскері.

Previous Post

Қазығұрт ауданының оқушысы республикалық байқауға жолдама алды

Next Post

Ұстаздар «Оң қол» әңгімесін талқылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі