13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Идеялар жарысы және жаңа шешімдер

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Идеялар жарысы және жаңа шешімдер
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірдегі өзекті мәселелердің инновациялық шешімін қалай табуға болады? Қазіргі қоғамға қажетті өнімнің протипін жасау арқылы қандай ресурс алып келеміз? Осы секілді сұрақтарға бүгін түркістандық зияткерлер «NIS Hackathon» атты идеялар мен жаңа инновациялық шешімдер сайысында ізденіп, креативті ойларын ортаға салды.

Түркістандағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде зияткерлер арасында «Turkistan ITHUB» — пен бірлесе отырып, мектепішілік «NIS Hackathon» ұйымдастырылды. Оқушылардың берілген тақырып бойынша қойылған міндеттерді шешу дағдыларын дамыту және ІТ индустрияға қызығушылығын арттыру мақсатында өткен хакатонда жас стартаперлер Түркістан облысындағы проблемалардың шешімін табуға тырысты.
Берілген уақыттың ішінде оқушылар айтылған міндеттердің қызықты шешімін ойластырды. Креатив пен ақылды талап ететін сайысқа бар құлшыныстарымен кірісіп кетті. Айта кетейік, өткен жылы мектеп қабырғасында хакатон сайысы 3 мәрте өткізілген. Биыл жергілікті мектептің тәжірибесін өзге NIS мектептері де іске жаратып, алда желілік хакатон ұйымдастырмақшы. Демек, мектепшілік шараның үздіктері бұдан да ауқымды жарыста төбе көрсетуге мүмкіндік алады. Онда балалар тәжірибе алмасып, өз дағдыларын жоғары деңгейде көрсете алады.

Зияткерлер топ болып құрылып, әр команда мүшелері белгілі міндеттерді атқаруда мобильді қосымшаларды ойлап табады, бағдарламалық жасақтама жасайды, операциялық жүйелерді жетілдіреді және басқа да көптеген күрделі мәселелердің шешімін іздейді.

Айта кетейік, хакатонға қатысушылар өз жобаларын ұсынуда үздік деп танылған зерттеулерге арнайы қаржылық көлемде сыйақылар дайындалды.

І орын – 30000 тг

ІІ орын – 20000 тг

ІІІ орын – «Rizo Burger» тағамдар желісінен 10 мың тг көлемінде тамақтануға сертификат беріледі.

Аталған жүлде қорына қаладағы өндіріс орны «ZIK group» пен «Қуаныш» сауда орталығы және «Rizo Burger» тағамдар желісі демеушілік етті.

Сайыстың шешуші сәтінде, яғни 10 қараша күні зияткерлер өз идеяларын слайдқа түсіріп презентация жасауда қорғап, үздік деп танылған жобалар жүлделі орындар иеленуде, марапатталатын болады.

Previous Post

Отырарлық оқушы балапан ашатын инкубатор жасап шықты

Next Post

Түркістанда шахматтан желілік спартакиада өтуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі