13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда шахматтан желілік спартакиада өтуде

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістанда шахматтан желілік спартакиада өтуде
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шахматшы зияткерлері арасындағы дәстүрлі турнирдің екінші күні түркістандық зияткерлер үшін сәтті аяқталды. Ақыл-ой жарысына белсенді қатысатын мектеп оқушылары бүгінгі ойынның тартысты өткенін айтады. Мектеп мақтанышына айналған тәжірибелі шахматшы зияткер Альбина Лесова жарысқа қатысу арқылы ойнау логикасымен қатар, зейінділікті дамытуда қабілеттері шыңдала түсетінін жеткізді:

— Желілік спартакиадаға қатысу арқылы мен өз қабілеттерімді дамытып, шыңдала түсемін. Себебі қарсыластарым жеңісті қолдан бере салатын жай ойыншылар емес, олардың ойын тактикалары да бөлек. Дәстүрлі турнирге екінші рет қатысып жатқан соң былтырғы нәтижеден қарағанда, биыл жақсы көрсеткіш көрсетіп жатырмын. Онымен қоса, қарсыластарыммен тартысты ойын өтіп жатыр, — деп өз ойымен бөлісті.

10-11 сыныптар бойынша қатысып жатқан мектеп оқушысы Бобомурод Тажиддинов шахматқа деген қызығушылығы жайлы өз естеліктерімен бөлісуде ойынның маңыздылығын айшықтап берді:

— Менің шахмат ойынына ерте жастан атам баулыған болатын. Бала кезімнен бастап, атаммен бірге шахмат тақтасын алып, түрлі ойын жүрістері мен тактикаларын меңгеруде бұл спортқа деген қызушылығым ерекше болды. Міне, бүгінде NIS-тің мықты шахматшыларымен бірге қарсыласып, бақ сынаудамын. Ойыншылардың әр тур сайынғы дебюті мен ойын жүрістері өзгеше. Алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсетемін деген ойдамын, — деп өз ойын ашық жеткізді.

Еске сала кетейік, шахматтан желілік спартакиада 7-9 қараша күндері аралығында «lichess.org» платформасында онлайн өтіп жатыр.Айта кетсек, осыдан бір ай бұрын Қазақстан шахмат федерациясы өңірлердегі интеллектуалды спорт түрін дамыту үшін «Шахмат керуені» жобасын қолға алған еді. Ұлттың зияткер ұрпағын қалыптастыруды мақсат еткен жобаға «Freedom Broker» компаниясы бас демеушілік жасап отыр.

Previous Post

Идеялар жарысы және жаңа шешімдер

Next Post

Қазығұрт ауданында оқушылар арасында зорлық-зомбылққа жол бермеу аясында дөңгелек үстел өтуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі