13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырарлық оқушы балапан ашатын инкубатор жасап шықты

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Отырарлық оқушы балапан ашатын инкубатор жасап шықты
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- бала шығармашылығының бастауын, қай-нар көзін ашып,оны тұлғалық тұғырға көтеру. Шығармашылық — тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Күнде өзгеріп отырған аласапыран өмірде аман қалу, биіктерге беттеу, нәтижелерге жету тек қана шығармашыл адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса, соғұрлым нәтижелі болатын дығы ғылымда дәлелденген. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім — білік, дағдыларды меңгерте отырып, жаңа педагогикалық технологияларды шебер пайдалана білу арқылы оқыту үрдісін демократияландыру және ізгілендіру, сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту қажеттігі туындап отыр.

Оқушы шығармашылығын дамытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ойәрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру қажет. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыра тын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылық қабілетін дамытады.

Міне осы қағиданы берік ұстанатын отырарлық ұстаз әрбір шәкіртінің шығармашылық қабілетін шыңдауға ат салысып жүр және бұл әдісі өз жемісін беріде. Толығырақ айтар болсақ Отырар ауданы, П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің мұғалімі Арапбай Саматтың жетекшілігімен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, шәкірттерді өндіріске қажетті технологияларды жасауға, игеруге баулу мақсатында 7 сынып оқушысы Оразбек Елнұр жарамсыз болып қалған ескі тоңазытқыштың сыртқы жәшігін пайдаланып, үй құстарының жұмыртқасынан балапан ашатын инкубаторды жасап шықты.

Құс шаруашылығы – ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі. Бұл құрылғының қуаттылығы бір мезгілде 250 үй құстарының жұмыртқасынан балапан ашып шығаруға қауқарлы.

Еліміздегі құс өсіру шаруашылығын дамытуына өз үлесімізді қосу мақсатында алдағы көктем мезгілінде бөдене, қаз, тауық, үйрек т.б. үй құстарының жұмыртқасынан балапан өсіру жоспарлануда.

Previous Post

«Worldskills» чемпионатына Кентаулық студенттердің дайындығы мықты

Next Post

Идеялар жарысы және жаңа шешімдер

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі