13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Үйірме — өнер бастауы

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Үйірме — өнер бастауы
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі басқаруын, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді» — деп көрсетілген. Балаларға қосымша білім беру — білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Жас буынға қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттіліктерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағытталған.Тәрбие процесін ұйымдастыруда үйірме жұмыстарының алатын орны ерекше. Оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме. Оқушылардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысатын бірлестік. Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады.

Отырар ауданы, П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Айталық аталған білім ошағындағы көркем еңбек пәнінің мұғалімі Арапбаева Бибізаттың жетекшілігімен үйірме оқушылары гипс материалынан мүсін жасау өнерін игеруде.

Үйірме сабағы барысында оқушыларға мүсін өнері туралы түсінік бере отырып, практика жүзінде түрлі жануарлардың мүсіндерін жасап, дайындалған қалыптарға гипстен жасалған қоспа құйылып, кептіріледі. Дайын болған бұйымның сырты тегістеліп, талғамға қарай акварельмен боялады.

Оқушылардың үйірме сабағында жасаған бұйымдары мен шығармашылығын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және шығармашылық ой-өрісін дамыту мақсатындағы бұл үйірменің балаларға үйретері көп-ақ.

Бүгінде әрбір ата-ана баласын заманға сай жан-жақты, өнерлі етіп өсіргісі келеді. Сол себепті кішкене күнінен түрлі қосымша үйірмеге қатыстырады. Оған қатысу арқылы бала белгілі бір өнерді үйреніп, білімді меңгеріп қана қоймай, қоғаммен араласады. Қатарластары арасында өзіне деген сенімділігі артады. Айта берсек, үйірменің балаға берері көп-ақ. Жас жеткіншектің интеллектуалды дамып, кәсіби бағдарлануына да мектептен тыс білім беру жүйесінің тигізер үлесі ерекше

Previous Post

Ордабасы ауданында оқушылардың құқықтық сауаты арттырылды

Next Post

Түркістан облысы: Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есепті пилоттық жобада іске асады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі