13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есепті пилоттық жобада іске асады

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есепті пилоттық жобада іске асады
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бухгалтерлік есептеу жүйесі сандық жүйеге көшеді. Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есепті пилоттық жобада іске асыру бойынша жиын өтті. Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы басты назарға ұстап, екі компания өкілдерімен кездесті. Басқарма басшысының төрағалығымен жобаларды іске асыру бойынша талқылау өткізілді.
Жобаның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының бюджеттік қаражатты жоспарлау және игеру процестерін қолданыстағы есепке алудың ақпараттық жүйесі арқылы толығымен автоматтандыру, жетілдіру, бюджеттік қаражатты ұрлауға байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қосымша функциялар мен техникалық шешімдерді енгізу болып табылады.
Жиынға басқармадағы жауапты бөлім мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсетұлы мен ҚР Сыбайлас жемкорлыққа карсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жүнісов Ержан Әліұлы, “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйесінің директоры Серік Батырханұлы, Жаңбырбай Айдар Муханұлы “Азия Сервис” ЖШС-і директор орынбасары қатысты.

Ғалымжан Сұлтанбекұлы аудан/қалалық білім бөлімдері Азия сервис және фаворит мамандары тестдрайвер өткізілуін тапсырды. Алдағы уақытта атылмыш пилоттық жобадағы бұлтты бухгалтерия бойынша пысықтау жұмыстары жүргізіледі. Білім ұяларына барып сандық жүйенің ерекшелегі мен қателері бойынша шолу жасалынады. Мамандарға түсіндіру жұмыстары да жалғасады. Жауапты қызметкерлермен есепшілер бас қосып, жобаның оң тұстарын біріге талқылайды.

Айта кетейік, “1С” бағдарламасы мен “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйесі — білім саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу бойынша және қаржылық операцияларда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асады.

Previous Post

Үйірме - өнер бастауы

Next Post

50-ге жуық кітап оқырман назарына ұсынылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі