Ордабасы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында құқықтық сауаттылық арттыру бойынша жиын өткізілді. Оған Ордабасы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жанынан құрылған жұмысшы топ өкілдері қатысты.
Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызының айтуынша, Шұбар ауылы Д.Қонаев атындағы және Шұбарсу ауылындағы М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектепдерде ұйымдастырылған «Жасөспірім және заң» атты жиында кәмелетке толмаған балаларға заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен құрылтайда «Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет. Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс» дей отырып, Ұлттық құрылтайда білім саласына қатысты ұзақ мерзімге арналған идеологиялық басым бағыттар талқыланып, нақты шешу жолдары ұсынылған болатын. Екі күнге жалғасқан кеңесте ел үшін маңызды мәселелердің түйіні тарқатылып, жүйелі ұсыныстар, кесімді шешімдер айтылды. Президентіміз ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыруда үкімет пен қоғам күш біріктіріп жұмыс істесін деп тапсырма берді. Осы үдеден шығып, балалардың танымын арттыру мақсатында тиісті шараларды қазірден бастап кеттік, — дейді ол.
Оның айтуынша, жастар ақпаратты қорыта білуді, уақытын дұрыс пайдалануды, қаржы сауаттылығын мектеп қабырғасынан біле бастауы қажет. Өскелең ұрпақты түрлі ойындарға құмар болудан сақтандыру керек. бұл іс-шара жоғарыда аталған мектептерде жоғары сынып оқушылары мен ата аналарға, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу негізінде ұйымдастырылған.
Оған Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары М.Ақмұратов, аудандық прокуратурасының прокуроры Дәуірбек Қожабай, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғ.Қуашбаев және аудандық әкелер мектебінің төрағасы Л.Жүсіп қатысты. Олар оқушылармен кездесу барысында «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрс», «Оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту, заң талаптарын түсіндіру», «Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін, арттыру» атты тақырыбтарда баяндама жасап, оқушылар мен ата аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
— Бұл өткізілген жиналыстың басты мақсаты — жасөспірімдерге қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу боды. Сонымен қатар, оқушылардың арасында Ата Заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыруды көздей отырып, оларға жан жақты түсінік берілді, — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғ.Қуашбаев
Жиналыс барысында Құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстарын насихаттады. Өз кезегінде оқушылар мен ата-аналар еркін микрофон алаңында ашық сұхбат жүргізіп, келген қонақтарға сұрақтар қойып, ол сұрақтар бойынша көкейтесті мәселелерге жауап алды.