13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданындағы Б.Оңтаев атындағы мектептің үздік оқушыларына тоқсан сайын степендия берілуде

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Ордабасы ауданындағы Б.Оңтаев атындағы мектептің үздік оқушыларына тоқсан сайын степендия берілуде
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданында елге белгілі ел азаматтары мен жеке кәсіпкерлер тарапынан үздік оқушыларға степендия тағайындау үрдіс ала бастады. Осындай ізгі амалды жасағандардың бірі – Кеңес Одағының батыры Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің алғашқы түлегі, тұңғыш «Алтын медаль» иегері Әсет Әссанди.
Оның айтуынша, өзі білім алып, түлеп ұшқан, жаңа өмірге жолдама берген білім ошағына деген қамқорлығын осылай көрсеткісі келген. Ондағы мақсат, ауылдағы балалардың жақсы білім алуға, өнегелі тәрбие алуға деген қызығушылығын арттыру екен. Осы мақсаттан туған оның ұсынысын ауыл мектепбі ыстық ықыласпен қабылдаған.

Аталған мектепте былтырғы оқу жылынан басталған үрдіс биыл да өз жалғасын табуда. Үздіктердің ішінен үздіктерді анықтайтын дәстүрлі түрде тоқсан сайын өткізілетін «Әсет Әссанди олимпиадасының» марапаттау рәсімі жақында аталып өтті. Аталған салтанатты кешке аудан, облыс көлеміне танымал қадірменді қонақтар мен Әсет Әссандидің ұстаздары да арнайы қатысқан еді.

-Ауылымыздың тумасы, білімді де іскер азамат Әсет Әссанди, өзінің туған өлкесінен, өзінің түлеп ұшқан мектебінен келешекке нық қадам басып, алға қарай ілгері жылжу үшін құлшынысы мол, білімді, дарынды шәкірттердің көптеп шығуына бағыт-бағдар беріп, жол көрсетіп отыр. Сол үшін, әр тоқсан сайын 5-9 сыныптардағы үздіктер арасында әр буынға 3 орыннан анықтап, нәтижесі бойырша іріктелген 15 оқушыға өз отбасы атынан марапаттау мен стипендиялар тағайындады. Бұл мектеп оқушыларының жақсы оқуға деген ынтасын арттырып отыр, — дейді мектеп басшылығы.

Ол кешке қатысқан Әсет Әссанди сынып жетекшілері мен тексеру комиссиясына алғысын білдіріп, үздіктердің қатарынан көрінген жерлестерін арнайы дипломдармен марапаттап, степендиясын тапсырды.

Previous Post

Ордабасы ауданында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинары өтті

Next Post

Бала тәрбиесіне жаңа тәсіл керек

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі